Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Opera» сахнасында 26 және 27 тамыз күндері гастрольдік сапары өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Абай атындағы ҚазҰАОБТ – қазақ халқының рухани нышаны. Оның тарихы ұлттық опера және балет өнерінің туындауымен, дамуымен және өркендеуімен тікелей байланысты. Театрдың үлкен сахнасында Қазақстандағы жоғары мәдениет пен шеберліктің іргетасын қалаған, әлемдік атаққа ие болған 300-ден астам туынды қойылды. Олар тұңғыш қазақ опера және балеттері, орыс және еуропа классикасының жауһарлары еді.
Гастрольдік бағдарламаға алматылық, сондай-ақ талғампаз еуропалық көрермендердің көңілінен шыққан спектакльдер енді. Елорда тұрғындары мен қонақтары ұлы композиторлардың әуенімен спектакльдердің классикалық оқылуы мен жаңашыл көркемдік шешімдерді пайдалана отырып, революциялық классика-модерн кезеңдеріне саяхат жасайды.
26 тамыз күнгі гастроль Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсымен итальяндық режиссер, сценограф, костюмдер бойынша дизайнер Маттео Маццонидің қойылымында ашылады. Жаңа қойылым итальяндық атмосфера мен стильді қайта өңдеудің талғампаз мәні бар күрделі сценографиялық сюжетті құрайтын көптеген арнайы эффекттер мен «уақыттан уақытқа ауысатын» қозғалыстарды қамтиды, барлығы заманауи технологияны опера әлемімен үйлестіретін бейне проекциялармен толықтырылған.
27 тамыз күні көпшілікке Ф.Шопеннің «Шопениана», И.С. Бахтың «Бах шығармашылығын тану», М. Равельдің «Болеро» үш актілі балеттері ұсынылады.
Фридерик Шопеннің музыкасына қойылған «Шопениана» - романтикалық балет классикасы. Сюжетсіз спектакль – бұл арман мен шындық арасындағы мәңгілік қақтығыстар мен идеалдықтың жетіспеушілігі бар романтизм дәуіріне еліктеп жасалынған жұмыс.
Балетмейстер Гүлжан Түткібаева пластикалық образдардың тілімен Шопеннің музыкасына тән бейнелерді жеткізді. «Шопениана» балеттер премьерасын ашады. Бұл классикалық қойылым балет артистерінің «па» би қадамдарының, жаңа костюмдер мен декорациялардың өзгерісінен тұрады.
Неоклассикалық «Бах шығармашылығын тану» балеті – классицизмнің дерексіз деконструкциясы. Бахтың музыкасы бұлжымас біріктіруші классикалық элемент, бірақ бидің ерекше және күтпеген хореографиялық тілі бұл тамырлардың бұзылуына сілтеме жасайды. Бірінші ноталарынан бастап-ақ концерт музыканың сұлулығымен баурап алып, тыңдармандарды ішкі әлем кеңістігіне жетелейді. Барлығы біздің өмірімізде өзіміз ойлағаннан гөрі үлкен рөл атқаратын әртүрлілік, көрініс, пайымдау үшін жұмыс істейді. «Бах шығармашылығын тану» революциялық қойылымы – бұл көрермен көптен күткен эмоциялар толқыны! Барлық классикалық дүниенің деконструкциясы жаңа дүниеге айналдыру ретінде қарастыру керек, алдымен бұзылу процесі, кейін қайта қалыпқа келу процесі. Шын мәнінде, бұл «Dance Europe» журналының «New name to watch» номинациясымен сұлулығын одан бетер арттырады.
Испан елінің ерекше өнерін жақсы білетін Морис Равель, «Болеро» бірегей шығармасын жазуды қолға алады. Оған танымал биші, орыс балетінің солисі Ида Рубинштейн зор ықпал етеді, өз кезінде Рубинштейн Париждегі «Гранд Опера» сахнасында испан көрінісінде хореографиялық композиция орындауды ұйғарады. Балетмейстер Рикардо Амарантеның қойылымындағы «Болеро» әйел затының мінсіз сұлулығы мен сезімталдығын жырлайды. Классикалық модернді сахнада болып жатқан әр көріністен байқауға болады – бишілердің қозғалысы, декорация мен жарықтың түсуі көрерменнің көңіл-күйін өзгертеді. Музыка, әрине, көріністің әсерін күшейтеді.
Гастрольдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің қолдауымен өтеді.