Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Е.Тұрғымбаев Алматы облысында қаза тапқан полицейл...

Е.Тұрғымбаев Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды

Әлеумет 28.01.2022, 03:37 1,166
Е.Тұрғымбаев Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды
Polisia.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Барғанаев пен Ербол Ержанов «Айбын» орденімен марапатталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев олардың отбасыларына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.





«Біздің әріптестеріміз, полиция лейтенанты Дархан Барғанаев және әділет прапорщигі Ербол Ержанов өмірінің соңғы сәтіне дейін Отанға, халыққа деген адалдығын абыроймен көрсетті. Олар біз үшін әрқашан Отанға адал қызмет етудің, ерліктің және парызға беріктіктің үлгісі болады», – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.



Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Қиын жағдайларда қызметкерлер бірнеше секунд ішінде жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр. Олардың кейбірі адам өмірімен байланысты болып жатады.


Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ербол Ержанов III дәрежелі «Айбын» орденімен, Алматы облысы полиция департаменті Жедел қимылдау арнайы жасағының қызметкері Дархан Барғанаев II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.



Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарды. Ол жас қызметкерлерге тәлімгер болды және екі баланы тәрбиелеп отырған кәсіби, адал қызметкер ретінде көпке үлгі еді. Дархан Барғанаев ІІО жүйесіндегі қызметін 2011 жылы бастады. Қызмет еткен жылдары ол өзінің кәсібилігін арттырып, қауіпсіздікті жақсартуға ұмтылды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрғымбаев #қаңтар #награда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика