Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Есінеу де «жұғады»

Есінеу де «жұғады»

Керек кеңес 15.03.2022, 03:26 3,022
Есінеу де «жұғады»
cannabis.wiki

Автобуста. Қарсы орындықта отырған жолаушы әйел аузын кере ашып есінеді. Ұйқысы қанбаған ғой дейін десең, таңғы уақыт емес, кешке жұмыстан қайтып келеміз. Оны көріп отырған мен де еріксіз есінедім. Қызығы сол, әлгі әйелдің жанында, маған қарама-қарсы отырған бозбала да есінеді. Бәрімізге таныс жағдай, иә? Сонда есінеу де вирус секілді адамнан адамға жұға ма? Осының және өзге де сырын іздеп көрдік.


Адам есінеген кезде, ұйқысы келіп тұр деп ойлап, тек ұйқымен байланыстыратынымыз дұрыс емес екен. Сөйтсек, ол бас қызып кеткен кезде мидың температурасын салқындату үшін жасалатын рефлекс дейді мамандар.



Ғылым тілімен айтқанда, есінеу – организмнің қандағы көмір қышқыл газының мөлшері көбейіп кеткенде, органдарды оттекпен қамтамасыз етуге бағытталған рефлекторлық реакциясы.



Ал «Есінеп тұрған адамды көрген немесе есінеу туралы мақаланы оқып отырған адам да неліктен есіней жөнеледі?» деген сауалға жауап ми қыртысында жатыр екен. Сіз қазір есінеп жатырсыз ба? Ми қыртысында орналасқан айна нейрондарыңыз жұмыс іске қосылады. Олар эмпатияға жауапты және эмоционалды деңгейде жұқпалы есінеуді тудырады.


Демек, есінеудің жұққыштығы мимикалық процесс екен. Мұның сырын зерттеген мамандар жұғу рефлексіне ұшырайтындар басқалар жайлы көп ойлайтын, уайымшыл жандар екенін анықтаған. Адам шаршағанда (жүрек, қан тамыр жүйелері қызметінің бұзылуынан), ұйқысы қанбағанда, көңілсіздік басқанда, түн ортасына дейін жұмыс істегенде, ауасы тазартылмаған, темекі түтініне тұншыққан бөлмеде бір орыннан қозғалмай ұзақ отырып жұмыс істегенде (бұлшық еттердің босаңсуынан) есінейді. Сондай-ақ, бойы тоңса да есіней береді. Демек, дене қуаты әлсіз, ұйқысы шала, тұрмысы ретсіз, қимыл-әрекеті аз, жалқау адамдар көп есінейді. Ал оған керісінше, рухы сергек, дене қуаты мығым, күнделікті өмір ырғағы қалыпты, жігерлі адамдар көп есінемейді.



Күйзелісте жүрген адам да жиі есіней береді. Ал күйзеліс жүрек ауруына шалдықтырады. Адам склерозға шалдыққанда да есіней беруі мүмкін екен.



Бауыры ауыратын адамдар да ылғи есінеп жүретін көрінеді.


Ал балалар есінеуді ана құрсағында жатқанда-ақ бастайды екен. Мұны дәрігерлер жүктіліктің 11-12-ші аптасында-ақ УЗИ арқылы көре алады. Шарананың іште жатып-ақ есінеуі – оның өкпесінің қалыпты дамуының көрсеткіші. Егер ата-ана бесіктегі бөбегінің жиі есінейтінін байқаса, бұған назар аударғаны абзал. Мүмкін сәбиге оттегі жеткіліксіз және таза ауада серуендеу уақытын ұзарту қажет шығар.



Сөз соңын табиғи есінеудің пайдасымен түйіндесек. Есінеу кезінде таза ауа денені оттегімен қанықтырады. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады, метаболикалық процестер жеделдейді, жұмыс қабілеті қалпына келеді. Көздің шаршауы басылады, яғни есінегенде кернеуді қабылдайтын жақ бұлшықеттері көру жүйкелерімен тікелей байланысты. Есінеу қанды оттегімен байыту арқылы бет терісін жасартады.



Дегенмен, пайдалы екен деп, есінеген кезде қарсы отырған адамға қарай аузымызды апандай ашып қойып есінеу әдепсіздікке жататынын да ұмытпайық. Ал есінеу қысып бара жатса, аузымызды алақанымызбен ақырын көлегейлей қойсақ, жетіп жатыр.


Нұр ЖАМАЛ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #әдеп #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика