AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ертең «Ықыластың қара қобызы» дәстүрлі музыкалық к...

Ертең «Ықыластың қара қобызы» дәстүрлі музыкалық кеші өтеді

Мәдениет 09.02.2023, 09:12 1,592
Ертең «Ықыластың қара қобызы» дәстүрлі музыкалық кеші өтеді
Сурет: Almatymuseum.kz

Кеш күйшінің 180 жылдығына арналған.


2023 жылдың 10 ақпан күні сағат 16:00-де «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Ықыластың қара қобызы» атты дәстүрлі музыкалық кеш өтіп, қобызының көшірмесі музей қорына қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Ықылас Дүкенұлы – қазақ халқының дәулескер күйші-қобызшысы, қазақтың ұлттық ыспалы аспапты музыкасының көрнекті өкілдерінің бірі. Тұлғасы рухани тарихымыздың төрінен орын алған, Қорқыт бабадан кейінгі қобызға тіл бітірген адам. Ол қобыздың дыбыс-дауысын нақ және айқын шығуына себепкер болған. 19 жасында Ықылас өзінің бірінші күйін жазып «Ықылас күйі» деген атау берген. Ол өзінің ең асыл ойларын қобыздың үн-дыбысының ішектеріне сіңірілген  күйлермен жеткізе білген.



Ықыластың алғашқы біртума күйлері қазақ халқының музыкалық ауыз әдебиетімен тығыз байланысты. Олар өзге аспаптық шығармалардан шапшаңдығымен және ырғақ құрылысымен өзгешеленеді. Сонымен қатар, оларда тақырыптық көлемімен ой-сана мазмұндарының көпқырлылығы байқалады. Ықылас эпостық-батырлық тұрғыдағы күйлерімен қатар философиялық-лирикалық бағыттағы шығармаларды да орындаған. Оның «Аққу», «Жезкиік», «Қамбар-Назым», «Қасқыр», «Кертолғау», «Ерден» сынды күйлері халық арасында кең тараған.


1990 жылы Алматы қаласындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне даңқты қобызшының есімі берілген.


Кеш жүргізушісі: Ықылас Дүкенұлының ұрпағы, ө.ғ.к., ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақнар Тәттібайқызы.


Кеш қонақтары: «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушылары.


Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Зенков к., 24 А


10 ақпан, 2023 ж., сағат 16:00.


Қосымша ақпарат: 248-40-71, 291-69-17


Instagram: @ykhlas_museum


Facebook: Халық музыкалық аспаптар музейі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ықылас #Қобыз #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика