AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ертең – Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні

Ертең – Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні

Мәдениет 14.04.2024, 11:20 1,505
Ертең – Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні
Сурет: интернеттен

Қазақ жастары жыл сайын 15 сәуірде мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтеді.


Еліміздің болмысы мен салт-дәстүріне жат "Әулие Валентин" күнінің орнына Қозы мен Баян күнін атап өтуді алғаш рет 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



2011 жылы Алматы әкімдігі 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты. Ал 2012 жылы елордадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық "Ақсүйек "ойынымен жаңғыртып, жастар ойын-сауығын ұйымдастырады. Дәл сол жылы Көкшетаудың ерікті жастары да Қозы мен Баян күнін Тәуелсіздік алаңында атап өтті. Содан бері қос ғашықтың кіршіксіз сезімін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген мерекені тойлайтын жастардың саны біртіндеп артып келеді.



Бұл күн ресми түрде бекітілмесе де, қыз-жігіттер арасында Ұлттық ғашықтар күні ретінде кеңінен аталып өтеді. Ғашықтар бір-бірін махаббат күнімен құттықтап, сыйлық тарту етеді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырады.


Қозы мен Баянның махаббаты



Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың орта тұсында қағазға түсірілді.



Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құдаласуынан басталады. Олар Қозы мен Баянды күні бұрын атастырады. Алайда Сарыбай аң аулап жүріп қаза табады. Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кездері отарын жұттан құтқарған жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қозы мен Баян махаббат жолында түрлі қиыншылықты бастан кешеді. Қос ғашықтың арасына түскен Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозыны өлтіреді. Сүйіктісінен айырылған Баян кек алуға көшеді. Ол Қодарды егер құдықтан су алып берсе, тұрмысқа шығатынын айтып алдайды. Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, қыз бұрымын кесіп тастайды. Сөйтіп Қодар көз жұмады. Ал Баян ғашығының моласына келіп, өзіне қол салады.


Қозы мен Баянның махаббат тарихы бір-біріне деген адалдығымен құнды.



Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мазары елдің шығысындағы Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзені бойында орналасқан. Жалпы биіктігі – 12 метрге жуық. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде болып келеді. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікір бар. Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғаны туралы айтады.



1982 жылы қабір үстіндегі кесене тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.


2013 жылы Аягөз қаласында қос ғашықтың құрметіне ескерткіш орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қозы-баян #махаббат #ғашықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);