AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ертең Алматыда педагогикалық қызметкерлердің тамыз...

Ертең Алматыда педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтеді

Білім және ғылым 16.08.2022, 05:08 1,655
Ертең Алматыда педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Конференцияның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуының өзекті мәселелерін талқылау, білім беру қызметтерінің сапасын қорытындылау.


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 17 тамызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясының пленарлық секциялық отырысы өтетіні айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ орталығының директоры Айкерім Күдеринова мәлімдеді.


Спикердің айтуынша, биылғы тамыз конференциясының тақырыбы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» болады.



«Конференцияның негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арнайы және инклюзивті білім алуының өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу, арнайы білім беру үшін педагог кадрлар даярлау, білім беру қызметтерінің сапасын қорытындылау мәселелері. Сонымен қатар, бұл педагогикалық қоғаммен диалог болады. Іс-шараға жаңашыл педагогтар, білім беру ұйымдарының үздік басшылары, сарапшылар мен ата-аналар қоғамының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары мен презентациялар өткізеді», - деді А.Күдеринова.



Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 457 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейтінін атап өту керек. Оның ішінде облыстар мен қалалар бойынша арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – 45, арнайы мектеп ұйымдар – 99, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері – 213, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер – 87, оңалту орталықтары – 13. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда, жалпы білім беретін ұйымдар жанындағы арнайы топтар мен сыныптарда да жүзеге асырылады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тамыз #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);