AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ернұр Әйткенов: АЭС құрылысы стратегиялық қадам

Ернұр Әйткенов: АЭС құрылысы стратегиялық қадам

АЭС: Референдум 26.09.2024, 09:46 718
Ернұр Әйткенов: АЭС құрылысы стратегиялық қадам
Сурет: Ашық дереккөзі

Сенатор Ернұр Әйткенов Павлодар облысындағы Ақсу қаласы мен Май ауданының Малайсары ауылының тұрғындарымен кездесу барысында елімізде атом электр стансасын салу мәселесін талқылады. Бұл кездесулер барысында депутат тұрғындармен пікір алмасып, АЭС құрылысының еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар екенін түсіндірді.

Ақсу қаласының әлеуметтік және спорт саласының ұжымдарымен, сондай-ақ Малайсары кентінің тұрғындарымен өткен кездесулерде сенатор Әйткенов АЭС салу жобасының ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. «АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шешімдер қабылдап, азаматтардың пікірін ескере отырып, жалпыұлттық референдум өткізуді мақұлдады. Бұл еліміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асуының жарқын мысалы», – деді Ернұр Әйткенов.

Сенатор сонымен қатар халықтың бір бөлігі енді қолға алынғалы отырған жаңа салаларға қатысты алаңдауы мүмкін екенін атап өтіп, осы орайда жобаның негізгі жақтарын жан-жақты түсіндірді. Ол тұрғындардан түскен көкейкесті сауалдарға жауап беріп, жобаның ұзақ мерзімді экологиялық және экономикалық тиімділігіне тоқталды.

Кездесуде Ернұр Әйткенов тұрғындарды 2024 жылдың 6 қазанында өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырып, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айтты. Ақсу қаласы мен Малайсары ауылының тұрғындары өз кезегінде Президент бастамаларына қолдау білдіріп, жобаға қатысты өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. Кездесу барысында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әрбір азаматтың саналы таңдауының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ернұр Әйткенов #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Бүгін 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Бүгін 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Бүгін 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Бүгін 15:10

Санаулы күнде виза алу: инвесторлар мен бизнес өкілдерінің Қазақстанға келуі жеңілдей түсті

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика