Ерлан Қарин: Ұлттық құрылтай Президент тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор ықпал етіп келе жатқан маңызды институт

Ерлан Қарин: Ұлттық құрылтай Президент тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор ықпал етіп келе жатқан маңызды институт Сурет: Akorda.kz

Бүгін Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор ықпал етіп келе жатқан маңызды институттың бірі – Ұлттық құрылтайдың құрылғанына - үш жыл 

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды.

"Құрылтай құрамы үнемі жаңартылып отырады. Оның қатарында Парламент депутаттары, саяси партиялардың, білім, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, спорт, адам құқығын қорғау саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, жас көшбасшылар және белсенді азаматтар бар.

Ұлттық құрылтай осы уақыт ішінде Қазақстан қоғамын ортақ мақсатқа жұмылдыруға арналған бірегей идеялар мен стратегиялық қадамдар ұсынатын ең басты институтқа айналды.
Құрылтай мүшелері осы құрылымның бұған дейінгі төрт отырысы мен жұмыс кездесулерінде көптеген бастама көтерді. Оның басым бөлігі орындалды", - дейді Ерлан Қарин.

Құрылтайда:
• Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары;
• Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
• Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын жүзеге асырудың 2023–2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
• Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (қазір бұл жоспардың 2026-2028 жылдарға арналған нұсқасы әзірленіп жатыр);
• Заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024–2026 жылдарға арналған кешенді жоспары;
• Оқушылар мен жастар арасында электронды темекі/вейп тұтынудың алдын алудың 2023–2025 жылдарға арналған жол картасы;
• «Балалар кітапханасы» бағдарламасы;
• Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024–2026 жылдарға арналған жол картасы сияқты маңызды құжаттарды қабылдау ұсынылды.

Құрылтайдың гуманитарлық бағыттағы жұмыстары да айрықша маңызды. Атап айтқанда:
• «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығына ұлттық мәртебе берілді;
• Ясауи мұраларын зерттеуге арналған ғылыми орталық құрылды. Қожа Ахмет Ясауи мұралары жөнінде халықаралық симпозиум өтті.
• Жалпыұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, мектептерге арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы дайындалды.
• Ұлттық кітап күні белгіленді. Оны биыл 23-ші сәуірде алғаш рет атап өттік.
Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында 16 заң қабылданды. Бұл – құрылымның тиімділігін айқындайтын нақты көрсеткіш. Атап айтқанда:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізілді (25-қазан – «Республика күні» ұлттық мереке мәртебесіне ие болды);
2. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң қабылданды;
3. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға түзетулер енгізілді;
4. Креативті индустрияны қолдауға арналған заңнамалық шаралар қабылданды;
5. Ғылым және білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізілді;
6. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру үшін 9 құрметті атақ бойынша түзетулер енгізілді;
7. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер енгізілді;
8. Есірткі өндірушілер мен оны тасымалдаушылардың жауапкершілігін саралау жөнінде түзетулер енгізілді;
9. Шегуге келмейтін темекі өнімдері мен вейптерге тыйым салу
жөнінде түзетулер енгізілді;
10. Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері жөнінде түзетулер енгізілді;
11. Вандализммен күрес және табиғи объектілерді қорғау жөнінде түзетулер енгізілді;
12. Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізілді;
13. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданды;
14. «Айбын» орденінің түрлі дәрежесіне майдангер-батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы түзетулер енгізілді;
15. Ономастикаға және символикалардың біріңғай стандартына қатысты түзетулер енгізілді;
16. Мемлекеттік наградаларға толықтай немесе оның кейбір элементтеріне түр-сипаты ұқсас наградаларды даярлауға, онымен марапаттауға тыйым салатын заң қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:27

17:41

17:36

17:00

16:51

16:43

15:38

15:23

14:56

14:16

12:17

11:45

11:15

10:21

10:10

09:20

22:24

19:08

17:51

17:36

17:27

17:23

17:14

17:00

16:36