Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Еркінбай Әкімқұлов есімі ұлықталды

Еркінбай Әкімқұлов есімі ұлықталды

Мәдени Алматы 15.11.2024, 17:22 871
Еркінбай Әкімқұлов есімі ұлықталды
Қазақстан Жазушылар одағы
 

Алматыда белгілі қазақ жазушысы, журналист және қоғам қайраткері Еркінбай Әкімқұловқа арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараны Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов ашып, жүргізді. Іс-шараға еліміздің белгілі тұлғалары, қоғам қайраткерлері мен жазушылар қатысып, Әкімқұловтың шығармашылығы мен әдебиетке қосқан зор үлесін еске алды.

Еркінбай Әкімқұлов – КСРО және Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі. Әр түрлі жанрда қалам тербеген жазушының 20-дан астам көркем шығармасы жарық көрген. Оның ішінде "Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы" роман-эссесі мен "Өзбекәлі Жәнібеков" өмірбаяндық романы ерекше орын алады. Әкімқұлов пьесалары, аудармалары мен радиохабарлары арқылы әдебиет сүйер қауымның жүрегінен орын тапқан.

Жазушының еңбек жолы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде тілші болудан басталып, кейіннен Алматы қалалық партия комитеті, "Жалын", "Жазушы", "Рауан" баспалары мен "Кітап жаршысы" газетінде жауапты қызметтер атқарумен жалғасты. Оның әр мақаласы мен очеркі халқымыздың өмірі мен мәдениетін танытуға бағытталды.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов салтанатты жиында былай деді:

"Біз бүгін қазақтың ұлы жазушысы Еркінбай Әкімқұлов тұрған үйге ескерткіш тақта орнаттық. Бұл көшелер (Төле би, Абай, Шевченко) – қазақ жазушыларының өмір сүріп, шығармаларын жазған қасиетті орындар. Әкімқұловтың шығармашылығы қазақ әдебиетіне мәңгілік мұра қалдырды."

Шара барысында жазушының ұлы Құрман Әкімқұлов әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп, оның қарапайымдылығы мен қайырымдылығын еске алды. Сонымен қатар, балалары Ернар мен Ғабиден де әкелерінің жолын жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов және "Өнер" баспасының директоры Әшірбек Көпішев өз естеліктерімен бөлісіп, Еркінбай Әкімқұловтың қазақ руханиятындағы рөлін ерекше атап өтті.

Ескерткіш тақта – Еркінбай Әкімқұловтың әдебиет пен мәдениетке қосқан зор үлесін мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған құрмет белгісі. Қазақ руханиятына өшпес із қалдырған тұлғаның жарқын бейнесі ел жадында сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жазушы #ескерткіш тақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика