AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Ержан Бабақұмаров «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыба...

Ержан Бабақұмаров «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» конференциясына қатысты

Тәуелсіздік-30 04.12.2021, 08:37 1,239
Ержан Бабақұмаров «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» конференциясына қатысты
Cурет: Алматы әкімдігі

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні


Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Алматыда «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» атты конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шара қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Алматы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті.



Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде белсенді азаматтық қоғамдастықсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою туралы айтудың мағынасы жоқ екенін атап өтті.



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болады», - деді Е. Бабақұмаров.



Конференция барысында Алматыда 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс талқыланды және қорытындыланды.


Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және қоғам арасында парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін ілгерілету – бүгінде ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.




«Сондай-ақ, осы мақсатқа жету үшін азаматтық қоғамның қатысуы қажет екенін түсіну өте маңызды», - деді М. Ахметов.



Конференция аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосқан қаланың қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.


Алматы әкімінің атынан грамоталарды қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров тапсырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының атынан – Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы М. Ахметов тапсырды.


Е. Бабақұмаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.



«Қоғам қайраткерлерінің рөлі өте маңызды, өйткені олар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін таратуға және қалыптастыруға өз үлестерін қосуда», - деп атап өтті Е. Бабақұмаров.



Өз кезегінде, М. Ахметов сыбайлас жемқорлық күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс екенін, ол қандай да бір дәрежеде барлығына әсер ететінін айтты. Осыған байланысты, қоғамшылдардың көмегі баға жетпес.



Almaty TV телеарнасының бас директоры Н. Мұхамеджанова, «Қазақфильм» АҚ президенті А. Сатаев, «Алматы - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Сәбитова, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ. Токушев және басқа да жұртшылық өкілдері ерекше үлесі мен белсенді қызметі үшін марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жиын #Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);