Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ердоған Тоқаевқа жер сілкінісі салдарын жою кезінд...

Ердоған Тоқаевқа жер сілкінісі салдарын жою кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты

Әлеумет 30.03.2023, 19:32 939
Ердоған Тоқаевқа жер сілкінісі салдарын жою кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өзінің хатында Түркияның  Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының  және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.



"Осындай табиғи апат кезінде достас елдердің жанымыздан табылуы қиындыққа қарсы тұруға күш береді. Қазақстанның берген жәрдемі жер сілкінісінің ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды. Еліңіздің іздестіру-құтқару тобы үйінді астында қалған адамдарды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерік-жігер танытқанын әрдайым ризашылықпен еске аламыз", – деп жазылған алғыс хатта.



Сонымен қатар Режеп Таийп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және  достас әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі.


6 ақпанда Түркия мен Сирияда он мыңдаған азаматтардың өмірін қиған қатты зілзала болды.


Сол күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шеккен аймақтарға аттанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ердоған #алғыс #зілзала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика