AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Ерболат Досаев Hyundai Trans Almaty зауытын модерн...

Ерболат Досаев Hyundai Trans Almaty зауытын модернизациялаудың нәтижелерімен танысты

Экономика 18.03.2025, 17:39 834 Bakyt
Ерболат Досаев Hyundai Trans Almaty зауытын модернизациялаудың нәтижелерімен танысты
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Hyundai Trans Almaty мамандандырылған техника шығаратын зауытқа барып, кәсіпорынның ауқымды модернизациялануымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өндірістік үдерістегі басты өзгеріс  9 ванна, 3 кептіру камерасы, сондай-ақ кабиналарды бояу желісі орнатылған Қазақстандағы алғашқы катафорез-бояу цехын салу және пайдалануға беру  болды. Цехтың ауданы 1 296 ш.м., өнімділігі – сағатына 1 шанақ. 

Сондай-ақ, өндірістік процестерге дәнекерлеу және бояу бойынша қосымша технологиялық операциялар енгізілді, рамалық конструкцияларды шығару үшін желіні монтаждау жүргізілді, бұл дөңгелек  базасының әртүрлі ұзындығы бар жүк көліктері мен автобустарды және кез келген пішіндегі және күрделіліктегі фургондарды шығаруға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі таңда кәсіпорында шығарылатын техниканың ассортиментіне жолаушылар автобустары, жүк автомобильдері, өнеркәсіптік және изотермиялық фургондар, автокрандар, манипулятор крандар, вакуаторлар, қоқыс таситын машиналар, автоцистерналар, қар тазалайтын машиналар, автогидрокөтергіштер және т. б. кіреді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев кәсіпорындарында қосылған құны жоғары өнімдер шығарылатын және жоғары білікті жұмыс орындары құрылатын автомобиль кластерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың басымдығын атап өтті. Мұндай жобалар қажетті мемлекеттік қолдауға ие болады.

«Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев хабарлағандай, модернизациялаудың арқасында кәсіпорынның өндірістік алаңдары үш есеге — 7 мың шаршы метрден 19,4 мың шаршы метрге дейін ұлғайды, кәсіпорын штаты 300-ден 400 қызметкерге дейін кеңейді, ал зауытты жаңғыртуға инвестициялар көлемі 12,1 млрд теңгеден асты. 2024 жылы компанияның салық аударымдары 2 млрд теңгеден асты, ағымдағы жылы шығарылатын техника желісі тағы екі модель – Hyundai Mighty EX5 және Hyundai Porter шағын тоннажды жүк көліктерінің шағын тораптық өндірісін іске қосу есебінен кеңеюде. 

Анықтама: 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Алматыда 372,8 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 107% – дықұрайды (ҚР бойынша-105,9%). Өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 108,3% - ға жетті (278,9 млрд теңге, жалпы көлемнің 74,8%). 

Автомобиль өндірісінде 12,4% - ға (128,1 млрд теңге, 45,9%) өсім тіркелді, бұл ретте ақпан айында 3 651 автомобиль шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5% - ға артық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автомобиль #«Астана Моторс»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);