ffin.kz

Ерболат Досаев балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы жаңа корпусының құрылыс қарқынын тексерді

Ерболат Досаев балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы жаңа корпусының құрылыс қарқынын тексерді Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімі жаңа корпусының құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынына назар аударылды. Айта кетерлігі, 2021 жылдың тамызында басталған жоба мердігер ұйымның белгіленген жұмысты орындамауы себебінен бүгінгі күнге дейін аяқталған жоқ. Белгіленген мерзімдерді бұзғаны үшін компанияға қатысты сотқа талап арыз берілді. Мәселен, сот шешімімен ағымдағы жылдың шілде айында «Ақ орда корпорациясы» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды, мемлекет бюджетіне 12,3 млн теңгеден астам сомада тұрақсыздық айыбы өндірілді.


Қала басшысы осы жылдың шілде айында аумақты аралау кезінде берілген ескертулердің жойылуын тексерді. Бүгінгі таңда нысанда 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Ғимарат құрылымы, шатыр, сыртқы қабырғалар мен бөлімдерді қалау, терезе блоктары және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Инженерлік коммуникациялар, лифтілерді орнату, қасбет, әрлеу, абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ерболат Досаев құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқтауды тапсырды. Бұдан әрі қазіргі уақытта сатып алынған және қоймаларда орналасқан жабдық орнатылады. 


Бүгінгі таңда Орталық жылына 110 мыңнан астам балаға амбулаториялық-диагностикалық тексеру бойынша қызмет көрсетеді. Тәулігіне қабылдау бөліміне 350-ден астам пациент жүгінеді. Клиниканың қабылдау бөлімінің шағын әрі ескі жоспармен жасалғаны, оның үстіне жүктеменің өсуі пациенттердің ағынын реттеудің триаж - жүйесін енгізуге мүмкіндік бермейді. Өз кезегінде, операциялық болгы бар қабылдау бөлімінің жаңа үш қабатты корпусы мұнда келген балаларды қабылдау мен бөлудің жеделдігін, сондай – ақ жалпы-шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі,қабылдау бөлімінің корпусы аурухананың бұрыннан бар бір қабатты жаяу жүргіншілер галереясымен байланыса алады. 



Алматы әкімі құрылыс - монтаж жұмыстарын пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығының барлық талаптарына сәйкестігін ескере отырып жүргізу қажеттігіне назар аударды: атап айтқанда, қала басшысы пластикалық есіктерге, қозғалуға ыңғайлы болу үшін тақтайшалардың болмауына, баспалдақтарда сырғанауға қарсы жабынның болуына назар аударды. Ерболат Досаев инфрақұрылым инклюзияны ескере отырып салынуы және қазіргі заманғы медицинаның жоғары стандарттарына сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың топтары үшін корпуста пандустар және тактильді тақтайшалардан трассалау көзделетін болады.


Жалпы, Бостандық ауданында медициналық мекемелерге жүктемені азайту үшін ағымдағы жылы 5 денсаулық сақтау нысанын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32