AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев Алматыдағы қар күреуге қатысты пікі...

Ерболат Досаев Алматыдағы қар күреуге қатысты пікір білдірді

Әлеумет 18.01.2024, 08:30 1,115
Ерболат Досаев Алматыдағы қар күреуге қатысты пікір білдірді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаевқа тротуарлар мен жолдарды қардан тазарту сапасы жайлы сұрақ қойылды.


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Көлік кептелісі, көлік легінің тығыздығына қарамастан бірер күн бұрын жауған 27 см қарды күреуде сапалы жұмыс істеп жатырмыз. Магистральдық көшелер мен аялдамалар күрелді, тротуарлардың қарын жинауды аяқтап келеміз. 



Мен қаланы үнемі аралаймын, әсіресе қар жауғаннан кейін көшедегі қар шығару жұмыстарын көремін. Кеше, таңертеңгі сағат 8-де қар жаууы тоқтаған кезде, біз әрине, қарбалас уақыт басталғанға дейін бәрін жинап үлгере алмадық (артық трафик жасамас үшін қарбалас уақытта қар күрейтін техникалар магистральдарда жұмыс істемейді - ред.). Жұмысшылар қар жинауға шықты, жұмыс тоқтамады. Бір түннің өзінде қаладан 10 мың текше метрден астам қар шығарылды.




Естеріңізге сала кетейік, 16 қаңтар күні сағат 22:30-дан 17 қаңтар күні таңғы сағат 09:00-ге дейін Алматыда қар жауды. Түнде жауған қарды 30 қар тиегіш, 11 автогрейдер және 83 өзі түсіргішпен шығарылды. Қазір жол шетіндегі жиектастардың қарын шығару жұмыстары күшейтілді. Қар жауа бастағаннан бері 3177 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды. 430-дан астам жинау машиналары тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, әлеуметтік маңызы бар нысандардың кіреберісін тазалайды. Аялдамалар мен жер үсті өткелдеріндегі қарды шығаруға 1 110 жұмысшы жұмылдырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетуіне Ресей Президенті Владимир Путин зор үлес қосқанын айтты

Бүгін 17:03

Бір жылда Алматыда не өзгерді?

Бүгін 15:59

Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті

Бүгін 15:10

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды

Бүгін 15:05

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Бүгін 14:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);