AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депута...

Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депутат "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс жүргізуді талап етті

Мұны білген жөн 25.02.2026, 12:28 441
Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депутат "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс жүргізуді талап етті
depositphotos.com

Депутат Асхат Рақымжанов бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына депутаттық сауал жолдап, "Эпштейн файлдарында" аты аталған қазақстандық лауазымды тұлғаларға қатысты ақпаратты тексеруді сұрады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Депутаттың мәлімдеуінше, жария болған құжаттарда "Ескі Қазақстан" кезеңінде жоғары мемлекеттік қызметтер атқарған бірқатар тұлғаның есімдері аталады. Осыған байланысты фракция бұл мәселені жеке өмір аясына жатқызуға болмайтынын, мұнда ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне қатысты сауалдар туындайтынын алға тартты.

Сауалда бұрынғы премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке, сондай-ақ бұрын жоғары лауазымды қызметтер атқарған Қайрат Келімбетовке қатысты мәліметтерге назар аударылған. Алайда депутат бұл деректерге құқықтық және ресми баға берілуге тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты фракция аталған кездесулердің шынымен болған-болмағанын, олардың сипаты мен мақсатын анықтауды сұрады.

Сонымен қатар, сауалда Джеффри Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келуі мүмкін екені, бірақ оның ел ішіндегі барлық байланысы ашық дереккөздерде толық көрініс таппауы ықтимал екені айтылған. Осы тұрғыда депутаттар сол кезеңде жоғары лауазымды тұлғалармен қандай да бір байланыстар болған-болмағанын тексеру қажет деп санайды.

Депутат тек саясаткерлерге емес, қажет болған жағдайда кәсіпкерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің де Эпштейнмен ел ішінде немесе шетелде байланысы болған-болмағанын анықтауды ұсынды. Депутаттар мұндай байланыстар болса, олардың бейресми кездесулер, жабық келіссөздер, ақпарат алмасу немесе өзге форматта жүрген-жүрмегеніне құқық қорғау органдары назар аударуы тиіс екенін жеткізді.

Сауалда ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге де ерекше мән берілген. Атап айтқанда, лауазымды тұлғалардың беделіне нұқсан келтіру қаупі, шектеулі ақпараттың сыртқа шығуы, сондай-ақ мемлекеттік құпиялардың таралу ықтималдығы секілді тәуекелдерге құқықтық баға беру ұсынылды.

Бұдан бөлек, тексеру нәтижелерін Парламент пен қоғамға жария түрде ұсынып, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдау сұралды.

Депутаттың пайымынша, қоғам ел тағдырына ықпал еткен тұлғалардың қандай байланыста болғанын білуге құқылы. Осыған байланысты депутаттар құзырлы органдардан аталған мәселеге жан-жақты және ашық тексеріс жүргізуді талап етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #мәжіліс отырысы #депутат #мәсімов #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);