AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Энергетиктер Қазақстан мұнайының 97% Ресей порттар...

Энергетиктер Қазақстан мұнайының 97% Ресей порттары арқылы экспортталатынын айтты

Экономика 11.07.2022, 11:59 1,488
Энергетиктер Қазақстан мұнайының 97% Ресей порттары арқылы экспортталатынын айтты
Сурет: Rbc.ru

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 28,75 млн тонна мұнай экспортталған.


2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан 28,75 млн тонна мұнай экспорттаған. Оның 27,814 млн тоннасы немесе 97%-ы Ресейдің теңіз порттары арқылы сыртқа шығарылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына жолдаған жауабында айтты. 



«Мұнай мен газдың аналитикалық орталығы» АҚ-ның дерегі бойынша 2021 жылы Каспий құбыр консорциумы арқылы 53,1 млн тонна Қазақстан мұнайы экспортталған. Ал 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында КҚК арқылы 23,76 млн тонна Қазақстан мұнайы экспортталды», - деп жазылған жауапта. 



Ведомство берген дерекке сүйенсек, жылдың алғашқы 5 айында Қазақстан Каспий құбыр консорциумынан басқа ресейлік теңіз порттары 4 млн тоннадан астам мұнай экспорттаған. 



«Мұнай мен газдың аналитикалық орталығы» АҚ-ның мәліметі бойынша 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 28,75 млн тонна мұнай экспортталды. Оның ішінде 27,814 млн тонна мұнай (экспортқа шығарылған мұнайдың шамамен 97%-ы) Ресейдің теңіз порттары арқылы сыртқа жөнелтілді», - деп жазады министрлік мамандары. 



Сондай-ақ, министрлік өкілдері Қазақстанның экспортталатын мұнай бағасын көтеруге ниетті екені туралы тараған мәліметке пікір білдірді.



 «Әлемдік сауда нарықтарында мұнай бағасын нарық белгілейді және ол Платс, Аргус, Рефинитив сияқты тәуелсіз халықаралық агенттіктері белгілеген меженің негізінде қалыптасады», - делінген министрліктің жауабында. 



Бұған дейін Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы сот шешімі айыппұлға алмастырылғаны хабарланған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #экспорт #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);