AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді eGov QR-мен электронды құжаттарға қол қоюға б...

Енді eGov QR-мен электронды құжаттарға қол қоюға болады

Әлеумет 16.01.2023, 08:50 1,627
Енді eGov QR-мен электронды құжаттарға қол қоюға болады
Сурет: Jjtv.kz

Бұл арқылы уақыт үнемделеді.


Қазақстандықтар Elicense.kz порталы мен Отбасы банкінің қызметтерін пайдаланғанда, eGov QR арқылы электронды құжаттарға қол қоя алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на сілтеме жасап.


eGov QR құжаттарға қол қою процесін жеңілдетеді. QR арқылы қол қойғанда компьютерде NCALayer қосымшасын орнатудың қажеті болмайды.


Е-лицензиялау пайдаланушылары үшін NCALayer көмегімен қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) әдісі де қолжетімді болып қала береді.


«ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, мемлекеттік органдардың, Отбасы банктің белсенді қатысуымен eGov Mobile қосымшасының пайдаланушыларына QR арқылы қол қою функциясының мүмкіндігін кеңейткен.


Elicense.kz порталында жеке тұлғаларға QR кодты пайдалану арқылы қызметтерге қол қоюға және порталда авторизациядан өтуге әрі Отбасы банктің қызметтерін алуға мүмкіндік туды. Балама әдіс кіру мен қол қоюға ыңғайлы. Себебі ол ЭЦҚ-ны енгізуді талап етпейді және қазақстандықтардың уақытын үнемдейді,-  деді басқарма төрағасы.


Отбасы банктің клиенттері eGov Mobile қосымшасында eGov QR көмегімен төмендегі қызметтерге қол қоя алады:


Otbasybank.kz порталында жалға алуды субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінім беруде деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;


Enpf-otbasy.kz платформасында сыртқы аударым операциялары кезінде құжаттарға қол қою.


Банктің басқарма төрағасының орынбасары Эльмира Распекова eGov QR жаңа әдіс тұрғындарға ыңғайлы болатынын атап өтті.



«Банк 2,5 млн қазақстандыққа қызмет көрсетеді. Оларға сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Онлайн құралдарға басымдық беріп отырмыз. Енді қашықтан несиелік өтінім беруге, қарыз алуға, кепіл шартын тіркей алуға, жалға беруді субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтініш беруге әрі жалдау шартына қол қою үшін eGov QR-ды пайдалануға болады. Қазір «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, QR-кодтың көмегімен құжаттарға қол қою бойынша жұмыс істей бастадық. Болашақта клиенттеріміз жаңа әдісті көмегімен 40-тан аса құжатқа қол қоя алады», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#егов #құжат #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Германияның «Handelsblatt» басылымы Тоқаевтың мақаласын жариялады

Бүгін 12:33

Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін 12:16

АШМ: 2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорының 90%-ы дайындалды

Бүгін 12:00

Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бүгін 11:56

Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);