AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбекпен қамту деңгейі артуда

Еңбекпен қамту деңгейі артуда

Әлеумет 16.07.2021, 13:13 1,737
Еңбекпен қамту деңгейі артуда
Сурет: 24.kz

Еңбекпен қамту көрсеткіштері жоғары.


2021 жылдың 6 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 347 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, 347,4 мың адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды. 253,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 141,5 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды»,– делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.


Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 12 мың адам жіберілді.


3,6 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 15 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.


Субсидияланатын жұмыс орындарына 126,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 15,3 мың адам; жастар практикасына – 11,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 100,1 мың адам.


Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 967 отбасы немесе 3 102 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 346 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Оның ішінде 906 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 60 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.


Айта кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді.


Ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды. Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #көрсеткіш #деңгей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жеке деректер сатылған

Бүгін 15:10

«Жасыл бастау» экоакциясы аясында Алматы мен Алматы облысының тұрғындары 200 келіден астам қайта өңделетін және қауіпті қалдық тапсырды

Бүгін 15:01

Жиһанкез қария Парижге жаяу-ақ жетті

Бүгін 14:35

Алматылық боксшылар Қазақстан қоржынына екі алтын және бір қола медаль салды

Бүгін 14:26

Ақжар ықшамауданында суық су болмайды

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика