Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбекмині арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қ...

Еңбекмині арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды әзірледі

Әлеумет 18.06.2024, 09:34 820
Еңбекмині арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды әзірледі
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

 Бұйрықты қабылдау көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгінгі күні арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін қызметтердің шарттарын, көлемін және сапасын айқындайтын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру шеңберінде 2025 жылдан бастап елде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарды белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін лицензиялау енгізіледі.

Осыған байланысты: ғимараттарға, жиһазбен, құрал-саймандармен және жұмсақ жабдықтармен жарақтандыруға, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларды сақтауға, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың кадр құрамына қойылатын біліктілік талаптарын қабылдау қажет.

Осы біліктілік талаптары меншік нысанына қарамастан лицензиялауға жататын мемлекеттік және жеке ұйымдарға қолданылатын болады.

Осылайша, лицензиялау жоғарыда аталған қызметтерді көрсету нарығына тек жоғары білікті кадрлық құрамы, жайлы ғимараттары (жағдай) және жақсы материалдық-техникалық жарақтары бар ұйымдардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және олардың алушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Оны іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15089999

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қызметтер #талаптар #бұйрық #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Бүгін 10:15

Тоқаев Израиль Президентін құттықтады

Бүгін 09:40

Алматыда «ЭКСТРИМ» цирктік шоуы көрерменге жол тартты

Бүгін 09:27

Алматыда бүгіннен бастап екі автобустың қозғалысы өзгереді

Бүгін 09:14

Қазақстанда тұрақты тұруға ниеттілер қазақ тілін В2 деңгейінде білуге міндетті

Бүгін 09:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика