Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Enbek.kz-те бос жұмыс орындар мен түйіндемелер са...

Enbek.kz-те бос жұмыс орындар мен түйіндемелер саны азайған

Әлеумет 08.04.2025, 10:28 620
 Enbek.kz-те бос жұмыс орындар мен түйіндемелер саны азайған
Сурет: Gov.kz

Наурыз айында «Enbek» электрондық еңбек биржасында 80,2 мың бос жұмыс орны және 95,3 мың түйіндеме орналастырылды.

Ақпан айымен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан белсенділіктің төмендеуі байқалды – бос жұмыс орындарының саны 34%-ға, сондай-ақ жұмыс іздеушілер орналастырған түйіндемелер саны 28% - ға азайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ЭЕБ мәліметтері бойынша, 2025 жылдың наурыз айында біліктілік деңгейі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік сақталады: жоғары білікті мамандар бос жұмыс орындарының 37 пайызын құраса, олар түйіндеменің 32 пайызын ғана құрайды. Сонымен бірге біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне деген сұраныс 14% құрады, ал олардың ұсынысы барлық түйіндемелердің 28% - на жетті.

Өңірлік бөліністе ақпан айымен салыстырғанда орналастырылған бос орындар санының едәуір төмендеуі Шығыс Қазақстан облысында – 12,9 мыңнан 4,5 мыңға дейін (65% - ға төмендеу), Ақтөбе облысында – 3,8 мыңнан 2,7 мыңға дейін (-28%) және Атырау облысында – 3,5 мыңнан 3,1 мыңға дейін (-12%) тіркелді.

Жалпы төмендеуге қарамастан, Алматы облысында жұмыс берушілер белсенділік деңгейін бұрынғы деңгейде сақтап қалды: наурызда 3,4 мың (-6%), ал ақпан айында 3,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды.

Ұсыныс тарапынан белсенділіктің төмендеуі де байқалды. Бұл ретте түйіндеме санының ең көп қысқаруы Алматы облысында – 10,2 мыңнан 7 мыңға дейін (-31%) байқалды. Сонымен қатар, Атырау облысында түйіндеме саны – 7,4 мыңнан 5,8 мыңға дейін (-22%) және Ақтөбе облысында – 6 мыңнан 5 мыңға дейін (-17%) төмендеді. Сонымен қатар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында төмендеу аз байқалды (15% шегінде).

Наурыз айының қорытындысы бойынша PR-менеджерлер (3,9 мың бос жұмыс орны), медбикелер/мейіргерлер (1,7 мың бос жұмыс орны) және санитарлар (1,6 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие мамандықтардың қатарына енді. Сонымен қатар, автобус жүргізушілеріне (+302 бос жұмыс орны), саудагерлерге (+253 бос жұмыс орны) және сатушы-кеңесшілерге (+189 бос жұмыс орны) сұраныс артты.

Бос жұмыс орындарында ең жоғары жалақы бас құрылысшыларға (орта есеппен 709 мың теңгеден бастап), ұңғымаларды жөндеу шеберлеріне (700 мың теңгеден бастап) және бұрғылау инженерлеріне (597 мың теңгеден бастап) ұсынылды.

Ең көп жалақыны өнеркәсіптік жабдықтар бойынша механик (орта есеппен 1,6 млн теңгеден бастап), IT саласындағы ғылыми қызметкер (1,4 млн теңге) және өнімді әзірлеу жөніндегі жобалар жетекшісі (1,3 млн теңге) лауазымдарына үміткерлер сұрады.

Осылайша, ЭЕБ мәліметтері бойынша, наурыз айында бос жұмыс орындары мен түйіндемелер санының азаюы байқалды, бұл ретте сұраныс пен еңбек ұсынысы арасындағы алшақтық артты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Enbek.kz #бос жұмыс орындары #түйіндемелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика