Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елтаңбаны өзгертудің басты себебі неде?

Елтаңбаны өзгертудің басты себебі неде?

Әлеумет 20.03.2024, 10:38 1,424
Елтаңбаны өзгертудің басты себебі неде?
almaty-akshamy.kz
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Тоқаев қазіргі елтаңбаға орай айтылып жүрген сын пікірлер туралы ойын ортаға салды. Оның айтуынша, елтаңбаны кеңес заманындағы гербке ұқсатушылар көп, «тым эклектикалық, күрделі» деушілер де аз емес.


Мұндай ойды ел болашағына бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтқан екен. Артынша, елтаңбаны ауыстыру төңірегіндегі мәселе қоғамда қызу талқыға түсті. Біразы тәуелсіз демократияның даңғыл жолына түскен мемлекет ретінде күйреген КСРО-ны еске түсіретін атрибуттардан арылу керектігін қолдаса, енді біраз жұрт елтаңбаны ауыстыруға үлкен дайындықпен келген жөн деп біледі. Түбегейлі қарсы шығушылар да бар.


Құрылтайда айтылған осы ұсыныстан кейін бүгін Мәжіліс депутаттары аталған мәселеге қатысты бірнеше депутаттық сауал жолдады. Соның кейбіріне тоқтала кетейін.

Біріншіден, елтаңбада тамыры терең тарихымыз арыдан сыр шертуге тиіс. Абзал Құспанның айтуынша, қолданыстағы гербіміз ұлтымызға тән қастерлі белгілермен бірлік пен бейбітшілікті айшықтауды мақсат тұтқан. Десе де, қазақ мемлекеті 1991 жылы ғана пайда болған жоқ. Мемлекет ретіндегі тарихымыз тереңде жатыр. Қазақстан – арыдағы Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты, Ұлық Ұлыс – Жошы ұлысының, берідегі Қазақ хандығының тікелей мұрагері. Бұл – ерлік пен өрлікке толы тарих. Бұған қоса, биыл Қазақ Даласында ту көтерген Жошы ұлысы – Алтын Орданың құрылғанына 800 жыл толуын атап өткелі отырмыз. Осы тұстан алып қарағанда халқымыздың өткені мен шежіресі елтаңбадан көрініс тапса деген ұсыныс көкейге қонымды. Сондықтан жаңа елтаңба жобасын жасайтындар көнеден тамыр тартатын идеяларды енгізсе, құптауға тұрарлық.






Екінші мәселе – елтаңбадағы Кеңес дәуірін еске түсіретін атрибуттардан арылу. Мәжіліс депутаты Әбіл Еркін өз сауалында «қазіргі елтаңба – Қазақ КСР-нің елтаңбасына ұқсайтынын» айтады. Мысалы, бидай масақтарының орнына тұлпар қанаттары, орақ пен балғаның орнына шаңырақ және Қазақ КСР-і деген жазудың орнына «Qazaqstan» деген атау жазылған. Ал төбедегі бес жұлдыз өзгеріссіз қалды. Осы ретте, депутат кезінде Кеңес Одағының құрамында болған республикалардың, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің елтаңба ауыстыру тәжірибесін жан-жақты зерделеу қажет екенін айтады. Бұған КСРО құрамында болған Грузия, Украина, Беларусь сияқты елдердің жаңа елтаңбаға көшуін үлгі етуге болады.


Біріміз біліп, біріміз біле бермеспіз, мемлекеттік елтаңбамызға бұған дейін бір емес, бес рет өзгеріс енгізілген екен. Айтарлықтай болмаса да, түстер мен реңктер, пішіндер мен жазулар өзгерді. Жалпы заманның ағымына, қоғамның талабына сай мемлекеттік рәміздердің өзгеріске ұшырауы – қалыпты жағдай. Бұған Мажарстанның өткен ғасырда елтаңбасын сегіз мәрте ауыстырғаны нақты мысал бола алады.


Әрине, бұл мәселеде асығыстық танытудың қажеті жоқ. «Аманат» фракциясы мемлекеттік рәміздерді жаңғырту мәселесін талқылайтын алаң құруды ұсынып отыр. Негізгі мәселе – гербті заман сұранысына сай жетілдіру. Қазіргі саяси өзгерістер мен реформаларды негізге ала отырып, елтаңбаны ауыстыру біздің ел үшін жаңаша дамудың басы, жаңашылдықтың белгісі болуы керек.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #құрылтай #елтаңба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика