AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Елордада жоқ пәтерлерді жалға беріп келген алматыл...

Елордада жоқ пәтерлерді жалға беріп келген алматылық алаяқ ұсталды

Оқиға 10.12.2021, 06:33 1,104
Елордада жоқ пәтерлерді жалға беріп келген алматылық алаяқ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Интернет-алаяқ Нұр-Сұлтанда жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан


Киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында елорда аумағында «Hi-Tech» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Іс-шара барысында алғашқы күннің өзінде криминалдық полиция қызметкерлері 14 киберқылмысты ашты және 5 адамды ұстады.


Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны бір ай бойы үйде отырып, интернет арқылы Нұр-Сұлтандағы пәтерді жалға берумен айналысқан. Елорданың 25 тұрғыны жалған хабарламаның құрбаны болған. Жәбірленушілер жалға берушінің өтініші бойынша кепілақыны алдын ала электронды түрде аударып, кейін пәтерді көретін болған. Алайда пәтерді көруге келгенде ғана алаяқтыққа тап болғандарын түсінген.


Барлық фактілерге сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, күдікті 400 000 теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды. Елордалық полиция қызметкерлері қылмысты ашумен қатар әкімдікпен, еріктілермен бірлесіп, профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.


Адамдар көп жиналатын орындарда интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын таратып, акциялар өткізуде. LED-экрандарда кибералаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері туралы бейнероликтер орналастырылған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);