AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің тоғыз өңірі астық жинау науқанына кірісі...

Еліміздің тоғыз өңірі астық жинау науқанына кірісіп кетті

Әлеумет 05.08.2023, 05:35 1,181
Еліміздің тоғыз өңірі астық жинау науқанына кірісіп кетті
Сурет: Ult.kz

Бүгінгі таңда Қазақстанның алты өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды.


Егін жинау науқаны Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Абай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің барлық аймақтарында жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталып, қарашаға дейін жалғасады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнер, 1079,6 мың тонна астық бастырылды.


Егін жинау науқанын өткізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлу жоспарланған. Бүгінгі таңда 78,2 мың тоннасы төленіп, шамамен 45,7 мың тонна жөнелтілді.


Биыл Энергетика министрлігі уәкілетті орган ретінде МӨЗ-ден дизель отынының сату бағасын тоннасына 284 мың теңге деңгейінде бекітті. Жеткізу жөніндегі операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 269 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 9% төмен.


Облыстардың әкімдіктері жоспарлы режимде астық сақтау қоймаларының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды істеп жатыр. Элеваторлардың ағымдағы қуаты 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,9 млн тонна.


Осылайша, сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Астық жинау #науқан #тоғыз өңір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);