Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің болашағын білімді жастар қалыптастырады

Еліміздің болашағын білімді жастар қалыптастырады

Әлеумет 06.01.2024, 06:01 1,330
Еліміздің болашағын білімді жастар қалыптастырады
Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты қоғамның көкейінде жүрген талай түйіткілді сұрақтарға шынайы жауап берген ашық әңгіме болды. Мемлекеттің дамуы, қоғамның болашағы, ішкі-сыртқы саясат толық қамтылды. 


Қазір әлемдік саясат аумалы-төкпелі күрделі кезеңді бастан өткеруде. Көптеген аймақтарда жанжалдар орын алуда. Осындай сындарлы кезеңде еліміз қандай саясат ұстанып, қай бағытта дамуы керек екені сұхбатта нақты айтылған. Президенттің әлем елдерімен интеграциялық байланыс тереңдей береді, әсіресе көршілес Ресей мен Қытаймен сауда экономикалық әріптестік жаңаша қарқын алу керек дегені өте орынды пікір болды. Себебі бүгінде Қытай мемлекеті дамудың жаңа сатысына көтерілген аса ірі қуатты ел. Осы әлеуетті тиімді пайдалану біздің дамуымызға жаңаша сипат бермек. Сұхбат барысында Президент осы мәселені нақты әрі дәл атап өтті.


Сондай-ақ жастар мәселесі де сұхбаттың сүбелі бөлігі болды. Еліміздің болашағын білімді де білікті жастар қалыптастырады. Қазір олардың барлық әлеуетін көрсететін мүмкіндіктер бар деген Президент, алдағы уақытта да басты назар оқу мен білімге, кәсіби дамуға арналатынына тоқталды. Ия, расымен де қазір жастар мәселесіне білім мен ғылымға ерекше қолдау жасалуда. Мысалы мұның нақты дәлелін әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен анық байқалған болады. Жыл сайын гранттар қатары артуда. Жаңа оқу ғимараттары мен студенттердің дамуына арналған түрлі бағыттар көптеп ашылуда. Жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау артты. Мұның барлығы мемлекеттің оң саясатының арқасында жүзеге асып отырған игілікті істер. Президент алдағы уақытта да осындай оң қадамдар жалғасады беретін атап өтті.


Қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты да бұрын-соңды айтылмаған ақиқаттарды ашып айтқандығы өте орынды болды. Өйткені бұл да қоғамдағы өзекті мәселенің бірі болатын.


Президент елдің болашаққа деген сенімін нығайтып, экономикамызды дамыту үшін тынбай еңбек етіп келеді. Отандық өндіріске көптеген инвесторларды тартып, мемлекетіміздің ішкі де сыртқы жағдайының тұрақтылығын арттыруда. Мемлекет басшысы қашан да әділдік пен шынайлықтың үлгісі болып табылады. Бүгінгі сұхбат осының нақты дәлелі. Ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бере отырып, Президентіміз Мемлекетіміздің болашағына қатысты сенімді және нақты қадамдардың жасалғанын, олардың саяси, экономикалық, заңнамалық негіздерінің толық қалыптасқанын және ел экономикасының серпінді дамуына барлық алғышарттардың бар екендігін айтты. Ол үшін еліміздің тұтастығы, оған негіз болатын халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің аса маңыздылығын баса айтты.


Ұлтымыз бен ұрпағымыздың болашағы үшін, әрбір Қазақстандықтың жұдырықтай бірігіп, жұмыла еңбек етуі маңызды екендігін тағы да атап өтті.


Тәуелсіздік – басымыздағы бақ. Оны аялай білу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан да Президенттің қоғам алдына қойып отырған талаптары өте орынды әрі маңызды. Парасат пен пайымға құрылған осы сұхбат, қоғам дамуының болашағын айқындайтын маңызды қадамдарға жол ашары сөзсіз.


Болтаева Айгүл Жанатқызы 


әл Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #Сұқбат #Egemen Qazaqstan
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алмат Амангелді: «Қуыршақ театры – ең нәзік, ең тылсым өнердің бірі»

Бүгін 17:24

Алматы – жаһандық туризмнің орталығында: KITF 2026 көрмесі басталды

Бүгін 17:18

Тағы 16 тас жолда орташа жылдамдық үшін айыппұл енгізіледі

Бүгін 17:14

Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларға бірегей операциялар жасалды

Бүгін 16:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика