Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет 4 қыркүйекке болжам жасады.


Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ күтіледі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман болады.


«Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақаталады», - деп жазды синоптиктер.


Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48