Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ бола...

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады

Әлеумет 10.11.2024, 10:08 1,326
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады
Сурет: Самат Құсайынов
Синоптиктер ертең, 10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қостанайда түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші – 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Ақтауда түнде және таңертең тұман.

Көкшетауда бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні – 23-28 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз 15-20 м/с болады. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағандыда кей уақыттарда қар мол жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Семейде таңертең және күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с болады.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.

Өскеменде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 17-22 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, түнде шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады.

Павлодарда түнде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Бұрқасын #Көктайғақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика