Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерт...

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Әлеумет 02.02.2025, 11:26 653
Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Egemen.kz

«Қазгидромет» Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 2 ақпанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

2 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында желдің күші 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с.

2 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

2 ақпанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, бұрқасын соғады, күндіз қар, бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с.

2 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады, күндіз қар жауады, бұрқасын соғады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

2 ақпанда түнде Ұлытау облысының шығысында аздаған қар жауп, бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

2 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) болып, көктайғақ, тұман сақталады.

2 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі.

2 ақпанда түнде Павлодар облысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авуа райы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін 14:34

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика