AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Еліміздегі ЖОО-лардың үздік оқытушысы анықталады

Еліміздегі ЖОО-лардың үздік оқытушысы анықталады

Білім және ғылым 26.10.2022, 11:08 1,361
Еліміздегі ЖОО-лардың үздік оқытушысы анықталады
Сурет: Halyq-uni.kz

Үздік оқытушыны анықтау үшін байқау өтеді.


«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2022» республикалық байқауына құжаттар 1-15 қараша аралығында қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Конкурс жеңімпазы 6 миллион теңгеден астам сыйақы алады. 


Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуға ынталандыру.


Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі (кемінде 5 жыл), оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс. Өтінімдер мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады.


Конкурс екі кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді.



«Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы үміткердің сандық және сапалық көрсеткіштерін екі бағыт – оқыту сапасы және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша бағалайды. Сараптау тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады. Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылар енгізілді», - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.



Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар, төсбелгіге де ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЖОО оқытушысы #үздік #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Бүгін 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Бүгін 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Бүгін 18:54

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бүгін 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);