AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі БАҚ қатары жаңа телеарнамен толықты

Еліміздегі БАҚ қатары жаңа телеарнамен толықты

Әлеумет 26.01.2023, 09:01 1,119
Еліміздегі БАҚ қатары жаңа телеарнамен толықты
Сурет: Astanatv.kz

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті.


Жиында этномәдени бірлестіктердің өкілдері телеарна контенті мен мүмкіндіктерін талқылап, көрермендер сұранысына орай ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жалпы «Ассамблея ТВ» телеарнасы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен көрерменге жол тартты. Ол «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық компаниясының платформасында iD TV кабельдік теледидар пакетінде таратылады, сондай-ақ «TV+» мобильді қосымшасында қолжетімді.



«Ассамблея ТВ» мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін қалыптастыруда жетекші телеарна болу. Ал басты міндеті этномәдени бірлестіктердің қызметін және этно саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін жариялау болып табылады. Телеарна үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. Әсіресе этносаралық татулықты нығайтатын мемлекеттік тілдің маңызын арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз», – деді Этносаралық қатынастар комитетінің мүшесі Мейіржан Нұрадинов.



Телеарна эфирінен ҚХА жаңалықтары, мәдени, ойын-сауық бағдарламалары, Қазақстанда тұратын этномәдени бірлестіктердің арнайы жобалары көрсетіледі.



«Телеарна тек орталықтармен шектеліп қоймай, ауыл-аймақтарға да таратылып, ондағы тұрғындарға қолжетімді болу керек. Түрлі этнос өкілдері өңірлерде, ауылдарда тұрады. Әрбір ұлттың өз мәдениеті, салт-дәстүрі бар, олар осы арна арқылы насихатталуы қажет», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі Зәкіржан Кузиев.



Сондай-ақ жиында Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Тұрар Саттарқызы арна жұмысына қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея тв #телеарна #БАҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар туралы мәлімет жарияланды

Бүгін 12:38

Qarmet-тегі алаяқтық: 190 миллион теңгеге зала келтірген 13 адам ұсталды

Бүгін 11:20

Қазақстан халқының бірлігі күні: Алматыда қайда баруға болады?

Бүгін 10:21

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика