Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Еліміздегі байланыс операторларының тариф шарттары...

Еліміздегі байланыс операторларының тариф шарттарын өзгертуіне тыйым салынуы мүмкін

Заң мен тəртіп 23.02.2023, 09:17 1,316
Еліміздегі байланыс операторларының тариф шарттарын өзгертуіне тыйым салынуы мүмкін
Сурет: Kp.ru

Бұл туралы ұсынысты қазір Цифрлық даму министрлігі қарастырып жатыр.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс қызметтерін көрсету қағидасына азаматтардың құқығын қорғау мақсатында өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі  (БҚДА) ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемін біржақты өзгерту әрекеттеріне қатысты азаматтардан өтініштер түскен.



"Материалдарды талдағаннан кейін ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлеміне абоненттер сұранысына ие болмайтын шамалы өзгертулер енгізетіні анықталды. Бұл ретте тарифтік жоспардың құны көтеріледі", - делінген БҚДА хабарламасында.



Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс саласындағы уәкілетті органға белгілі бір ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, ұсыныс - ақылға қонымды шығындарға байланысты оның құнын көтеруді қоспағанда, ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспар шарттарын өзгертуге тыйым салуды белгілеу.


Мақсат – ұялы байланыс операторларының абоненттерге талап етілмеген қызмет көлемінің бағасын таңуын болдырмау.



"Ұсыныстар оператормен шарт жасасу кезінде олар келісілген тарифтік жоспарлардың шарттарын пайдалануға құқылы тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында әзірленді. Өз кезегінде тарифтік жоспарының шарттарымен қанағаттанбаған адам қолайлы шарттары бар басқа тарифтік жоспарға ауысуға құқылы", дейді ҚР БҚДА баспасөз қызметі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тариф #Байланыс #оператор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика