AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық а...

Елімізде тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Медицина 23.02.2022, 12:57 1,698
Елімізде тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Сурет: Іndubnacity.ru

Қазақстанда тұмау және ЖРВИ бойынша ағымдағы маусымда тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.


Сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, дегенмен республика бойынша және өңірлер бөлінісінде де аурудың болжамды шекті деңгейінен асып кету деректері анықталған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі сырқаттанушылықты, тұмау вирусының айналымын мониторингтеу және вирустың жаңа штамдарын анықтау түрінде тұмау мен тұмау тәрізді ауруларды (ЖРВИ) эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесін қамтамасыз еткен.



Эпидемиялық маусым басталғаннан бері, яғни 2021 жылғы 1 қазаннан бастап республика бойынша ЖРВИ жұқтырудың 2 млн 730 мың жағдайы тіркелді. Жіті респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққандардың басым үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды - 2 млн 23 мың жағдай, бұл жалпы анықталған деректердің 74% құрайды. Сонымен қатар ағымдағы эпидмаусымда тұмаудың 547 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 237 бала осы індетке шалдықты.



Республика аумағында А/H3N2 және B тұмауы вирустарының айналымы белгіленген, сонымен қатар циркуляцияда тұмау вирусымен қатар басқа да тұмау емес вирустар анықталы: парагрипп, РС-вирус, метапневмовирус, риновирус, боковирус, аденовирус.


Басқа тұмау емес вирустардан риновирустар, РС вирусы және парагрипп айналымы басым. Тұмауға қарсы екпе-аурудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі. Вирус жұқтырған жағдайда алынған вакцина аурудың ауыр ағымынан және асқынулардан қорғайды.


ЖРВИ маусымына дайындық шеңберінде Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Вакцинаның құрамында маусымдық а(H3N2) және А(H1N1) тұмауына және В типті тұмау вирусы штамына қарсы антигендер бар.


Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация науқаны 15 қыркүйекте басталды. Бүгінгі таңда елімізде 2,6 млн-нан астам адам тұмауға қарсы иммунитетін нығайтты. Олардың ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 млн 577 мың адам, жұмыс берушілер есебінен 66 мың адам, сондай-ақ ақылы негізде 56 мың адам екпе салдырды. Бүгінгі күні вакцинадан кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұмау #ЖРВИ #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);