конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде су тарифі өзгеруі мүмкін

Елімізде су тарифі өзгеруі мүмкін

Әлеумет 23.01.2023, 10:33 1,493
Елімізде су тарифі өзгеруі мүмкін
Сурет: Azh.kz

 Қазақстанда су тарифі қымбаттауы мүмкін.


Аталған мәселе бойынша Экология министрлігі құзырлы органдарға ұсыныс әзірлеп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі cу ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінде республикаға қарасты 3440 су арнасы жүйелері бар. Шаруаларға су сол жүйелер арқылы жеткізіледі. Су арнасы жүйелері кезінде коммуналдық меншікте болып, көбі қазіргі су тарифіне кірмеген. Яғни қазіргі тариф бойынша оларды күтіп ұстауға қаржы қарастырылмаған. Осы орайда биыл біз мемлекеттік құзырлы органдарға өз ұсынысымызды жолдаймыз. Келесі жылы әділетті су тарифі бекітіледі деп ойлаймыз»,- деді Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.



Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, су қоймаларын күтіп ұстау - үлкен мәселе.


Сондай-ақ, спикер су саласы мамандарының жалақысы мәселесін көтерді.



«Су саласы қызметкерлері - еліміздегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан да проблеманы тариф арқылы шешпесек, басқа жолы жоқ. Мемлекеттен қаржы алмаймыз, қанша көлемде су жеткіземіз, соны ақысын шаруалардан жинап аламыз»,- дейді ол.



Досбол Бекмағамбетовтің дәйегінше, бүгінде су саласы мамандарының орташа жалақысы 90 мың теңгеден аспайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #тариф #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Кеше 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Кеше 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);