AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Елімізде Құнанбай есімді 135 бала бар

Елімізде Құнанбай есімді 135 бала бар

Мәдениет 13.02.2025, 13:29 991 yakiya
Елімізде Құнанбай есімді 135 бала бар
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ал биыл дүние есігін ашатын 10 Құнанбайға журналист Нұрсейіт Жылқышыбай 300 мың теңгеден берем деп отыр.

Бұдан бұрын кәсіпкер Дулат Тастекей Абайдың 180 жылдығына керемет бір бастама көтеріп, 2025 жылдың 10 тамыз күні дүние есігін ашқан барлық Абайларға 180 мың теңгеден беретінін айтқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Нұрсейіт Жылқышыбай баласының атын Құнанбай деп қойған он адамға «Аламан» компаниясының атынан 3 млн теңге, яғни әр адамға 300 мың теңгеден береді. Журналист бұл идеяны кәсіпкер Дулат Тастекейден алған екен.  

"Кәсіпкер Дулат Тастекей ағамыз Ұлы Абайдың 180 жылдығына керемет бір бастама көтеріп жатыр екен. 2025 жылдың 10 тамыз күні дүние есігін ашқан барлық Абайларға 180 мың теңгеден бермек екен. «Асылтас» қорының бұл бастамасын мен де өз шама-шарқымша қолдаймын. Бірақ... ", -дей келе өз шартын фейсбук арқылы жариялады.

"Қазақта Абай деген ат аз емес. Ал Құнанбай ше? Алда бір жазғанымдай Құнанбай, Дөнентай, Тұрсын сынды қазір қазақы аттар қойылмай кетті. Есесіне арабша аттар қаптады. Бұл бір. Екіншіден Абайдың Абай болуына ықпал еткен әкесі. Емендей берік, бәйтеректей зор Құнанбай! Қарадан шығып хан болған. Әділдікті қақ жарған шешен әрі балуан болған тұлға!" -деп жазды Н. Жылқышыбай.

Баласының атын Құнанбай деп қойған ата-ана 300 мың теңгені алу үшін Құнанбай деп қойғанын дәлелдейтін туу туралы куәлікті Н. Жылқышыбай көрсеткен WhatsApp номеріне жіберу керек. Бұл шара 1 наурыздан басталады. 

Ұлттық статистика бюросындағы ақпарат бойынша, елімізде 1-18 жас арасында  Құнанбай есімді 135 бала бар. Құнанбай есімді 22 баланың жасы – 3-те, бір Құнанбай 12-де болса, біреуі – 13-те екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құнанбай #Абай #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Бүгін 20:36

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Бүгін 19:02

Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Бүгін 18:59

Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:57

ШҚО ескекшісі Азия чемпионатында үш бірдей медаль жеңіп алды

Бүгін 18:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);