Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Әлеумет 01.05.2024, 11:28 1,017
Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні.


Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында бекітілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бастапқыда бұл күн «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» деп аталды. Ол кезде Қазақстан халқы ассамблеясының атауында да көптік жалғау болды. Кейінірек өзгеріс енгізіліп, көптік жалғау алынды. Оның мақсаты – Қазақстан халқының біртұтас ел екенін көрсету.


Елімізде 1 мамырға дейін жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы өтеді. Биыл ұйымның XXXIIІ cессиясы 25 сәуірде өтті. Жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.


Мемлекет басшысы бұған дейін ұйымның жұмысы туралы атап өткен болатын.



«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады», - деді Тоқаев.



Сондай-ақ елімізде ұлтаралық бірлік пен достықты нығайтуға арналған тағы бір дата бар. Ол – Алғыс айту күні. Бұл мерекені ассамблея құрылған күні – 1 наурызда мерекеленеді.



Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.



Ұлттық статистика бюросының 2024 жылдың басындағы статистикасы бойынша, Қазақстанда халық саны 20 033 842 адам. Еліміздегі халықтың 70 пайыздан астамы (14 220 321) қазақ ұлтынан тұрады.


Қазақстан халқының жартысынан астамы (12 451 192 адам) қалада тұрады, ауылдарда тұратын адамдардың саны – 7 582 650.


2024 жыл басына ұлттық құрамы:


Қазақтар – 14 220 321 адам (71,0%)
Орыстар - 2 983 317 адам (14,9%)
Өзбектер - 660 564 адам (3,3%)
Украиндер - 375 914 (1,8%)
Ұйғырлар - 301 584 (1,5%)
Немістер - 224 343 (1,1%)
Татарлар - 219 201 (1,0%)
Әзірбайжандар - 152 847 (0,7%)
Корейлер - 120 262 (0,6%)
Түріктер - 90 015 (0,4%)
Дүнгендер- 83 948 (0,4%)
Беларустар - 75 048 (0,3%)
Тәжіктер- 55 873 (0,2%)
Күрдтер- 50 264 (0,2%)
Қырғыздар- 38 596 (0,1%)
Ұлтын көрсетпегендер - 67 263 (0,3%)
Басқа этностар -52 615 (0,2%)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #халық #этнос #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанаға Сербия президенті келеді

Бүгін 09:13

Алматыда дәрігерлер жол апатына ұшыраған науқасты аяғына тұрғызды

Бүгін 09:08

Атырау облысында жоғалған бүтін бір отбасыға қатысты күдікті Индонезияда ұсталды

Бүгін 08:52

Михаил Шайдоровқа тағы бір пәтердің кілті табысталды

Бүгін 08:45

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі