AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Елімізде несие алушылар саны көбейген

Елімізде несие алушылар саны көбейген

Қаржы 30.05.2022, 09:10 1,543
Елімізде несие алушылар саны көбейген
Сурет: Inform.kz

Кредит алған қазақстандықтар саны өсті. 


Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 399,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпарат  сілтеме жасап.



«Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 8 016,1 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға 11 383,4 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 637,6 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 762,0 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9%-ға төмендеді. 2022 жылғы сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды», - делінген ҰБ сәуір айындағы қаржылық көрсеткішінде.



Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 047,4 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 352,2 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы сәуірде 4 039,8 млрд теңгеге дейін 10,9%-ға (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінен 50,4%) төмендеді. 2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2% (2021 жылғы сәуірде – 11,6%), жеке тұлғаларға – 17,3% (17,3%) болды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#кредит #ұлттық банк #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);