Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде мұғалімдердің біліктілігін бағалау тесті...

Елімізде мұғалімдердің біліктілігін бағалау тесті басталды

Білім және ғылым 03.04.2023, 15:41 1,458
Елімізде мұғалімдердің біліктілігін бағалау тесті басталды
Сурет: Aikyn.kz

27 наурызда педагогтердің білімін бағалауға (бұрынғы атауы – ұлттық біліктілік тестілеуі) өтініш қабылдау басталған еді.


Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданды. Ал бүгін, 3 сәуірде педагогтер сынақтан өте бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Тестілеуге келесі санаттарға жататын азаматтар қатыса алады:



  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

  • білім беру ұйымдарының әдіскерлері;

  • жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

  • қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;

  • білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің басшылары;

  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері;

  • педагогикалық бағыттар бойынша ЖОО және колледж бітіруші түлектері;

  • педагогикалық бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.


Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді.


Еске салайық, бұл сынақ педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тест сынақтарын білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.


Тест 50 тапсырмадан тұрады:



  • «Пәндік білім» бойынша – 30 тапсырма;

  • «Оқыту әдістемесі» бойынша – 20 тапсырма.


Тапсырмалар формасы бойынша екі түрлі болады:



  • бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар;

  • бір дұрыс жауабы бар мәтіндік тапсырмалар.


Тест тапсыруға 90 минут уақыт берілсе, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін тест 125 минутқа созылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалімдер #біліктілікті бағалау #тестілеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика