AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында...

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алғашқы спорт нысанының құрылысы басталды

Спорт 13.04.2026, 12:09 178 Сұлу
Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алғашқы спорт нысанының құрылысы басталды
Туризм және спорт министрлігі

Атырау облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетігі арқылы салынатын алғашқы спорт нысанының құрылысы басталды. Бұл – Атырау қаласында дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжі. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың мамыр айына жоспарланған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

МЖӘ механизміне сәйкес, жеке әріптес жобалаудан бастап құрылысқа дейінгі жұмыстарды және нысанды пайдалануға берілгеннен кейінгі 5 жыл бойы оны күтіп-ұстау қызметтерін жүзеге асырады.

Жобаның басты ерекшелігі – толыққанды көпфункционалды спорттық-білім беру кешенінің салынуы. Мұнда заманауи оқу ғимараттары мен жайлы жатақхана қарастырылған. 3,2 гектар аумақта 400 орындық оқу блогы, 300 орындық жатақхана, 13 спорт залы, бассейн, асхана, кітапхана, стадион, жүгіру жолақтары, сондай-ақ баскетбол және волейбол алаңдары бой көтереді.

Қазір елде 16 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат және 4 республикалық мектеп-колледж-интернат жұмыс істейді, онда 6 431 спортшы білім алады. Алайда Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ұлытау және Қостанай облыстарында мұндай мекемелер жоқ. Сондықтан Атырау облысындағы бұл жоба пилоттық режимде іске асырылып, кейіннен өзге өңірлерге де кеңейту жоспарланып отыр.

Жаңа кешенде 13 олимпиадалық спорт түрі бойынша 400 спортшыны (300 оқушы және 100 колледж студенті) даярлау көзделген. Олардың барлығы Атырау облыстық спорт интернатының тәрбиеленушілері болады.

Мектеп-интернат-колледжінің құрылысы спорт резервін даярлауға қолайлы жағдай жасап, оқу мен жаттығуды тиімді ұштастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға айтарлықтай серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #нысан #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетуіне Ресей Президенті Владимир Путин зор үлес қосқанын айтты

Бүгін 17:03

Бір жылда Алматыда не өзгерді?

Бүгін 15:59

Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті

Бүгін 15:10

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды

Бүгін 15:05

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Бүгін 14:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);