Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына кон...

Елімізде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланды

Әлеумет 25.07.2024, 17:01 1,095
Елімізде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланды
Сурет: Gov.kz

Бұл байқауды Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады. 

Конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz аталған министрлікке сілтеме жасап. 

Сыйлық адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен мәдениетті дамыту, төтенше жағдайлардың дер кезінде шешімін табу және қоғамдық өмірдің басқа салаларында да жүйелі қызмет атқарған волонтерлер қауымдастығының ең белсенді өкілдерін анықтауға арналған.

Сыйлық 15 номинация бойынша тағайындалады:

Үздік волонтерлік ұйым;

Корпоративтік волонтерлік көшбасшы;

Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары;

Үздік әлеуметтік көмекші;

Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;

Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;

Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;

Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін;

Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;

Білімді әйгілеудегі үлесі үшін;

Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін;

Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;

Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін;

Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;

Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін.

2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында «Qazvolunteer.kz» сайтында құжаттарды қабылданады.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрықтары) сайттарынан танысуға болады. 

Сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420

Қатысу ережелері мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты +7 (7172) 741286, 740311 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жыл волонтері #байқау #халықаралық сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика