конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін

Елімізде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін

Әлеумет 22.05.2023, 11:15 1,150
Елімізде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін
Сурет: ашық дереккөз


Құс өсірушілер Ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің уәдесін орындамағанын айтады.








Елімізде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін. Жарты жыл бойы сала шығынға батып жұмыс істеген. Мамандар мемлекеттің қолдауын күтеміз деп жұмыртқаның бағасын ұстап тұрғанын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Еліміздегі құс шаруашылығында еңбек ететіндердің 70 пайызы ауыл, аудандағы әйелдер болып отыр. Құс фабрикаларында 12 мың қызметкер жұмыс істейді.


Бір жылда ел тұрғындары 5 млрд дана жұмыртқа тұтынады. Ішкі нарықты тек отандық фермерлер қамтамасыз етіп отыр.


Қарағандыдағы құс фабрикасының өндіріс басшысы Дос Маханов фабрика тәулігіне 310 мың дана жұмыртқа шығаратынын айтады.



«Бірақ жағдай осылай жалғаса беретін болса, біз өндірісті қысқартуға мәжбүр боламыз. Айлықтың аздығынан қызметкерлер басқа салаға ауысып жатыр. Құс фабрикасы Астана, Қарағанды және Түркістан облыстарын жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр. Бұл саланы қамтитын қондырғыларға да қыруар қаржы керек», - дейді ол.



Құс өсірушілер соңғы жылдары салада дағдарыс болып жатқанын айтады.



«Жыл сайын бөлінетін субсидия көлемі қысқара берді. Биыл мүлдем тоқтап қалды. Қазір 24 пайыздық несиемен қалдық. Субсидияны алып тастау құс өсіру саласына түбегейлі әсер етіп отыр. 12 мың қызметкер жұмыссыз қалса, қайда барады?», - дейді олар.



Құс өсіру саласының қызметкерлері АШМ басшысы Ербол Қарашөкеевтің 2022 жылы 12 желтоқсанда Мәжілістегі дөңгелек үстелде айтқан уәдесіне сенген.



«Қаңтарда бұл мәселені шешеміз. Қаражат бар. Орталықтандырылған трансферт арқылы берілетін субсидия көлемі белгіленген», - деген еді ол.



Сонымен қатар, құс өсірушілер Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше рет хат жолдаған. Бірақ, субсидияның ауылы әлі де алыс.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыртқа #сауда #қымбат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);