AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жұмыртқа бағасы өсті

Елімізде жұмыртқа бағасы өсті

Әлеумет 18.11.2022, 06:30 1,239
Елімізде жұмыртқа бағасы өсті
Сурет: Qazaly.kz

Елдегі 20 аймақ бойынша ай ішінде баға тек Алматы қаласында өзгеріссіз қалған.


Қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 3,8 млрд дана жұмыртқа басылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,3%-ға жоғары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өңірлік бөліністе Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр, жыл ішінде өндіріс 40,7%-ға ұлғайып, 559,9 млн дана шығарылған. Екінші орында Ақмола облысы 555,5 млн дана жұмыртқа басылған, алайда өнім жыл ішінде 7,4%-ға төмендеген. Қарағанды облысында былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2%-ға кем өнім алынып, 472,9 млн дананы құрады.


Қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар ішкі сұранысты 96,3%-ға қамтыған, өткен жылғы көрсеткіш 94,4% болған еді. Сәйкесінше 3,7% өнім импортталған. Жыл басынан бері елімізге 130,8 млн дана жұмыртқа әкелінген, өткен жылғыдан 30,9%-ға кем.


Жұмыртқа экспорты керісінше 2,2 есе ұлғайып, 184,5 млн данаға жеткен.


Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша жұмыртқа бағасы бір айда 6,3%-ға, жыл ішінде 14,8%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында баға Ұлытау облысында бірден 19,8%, Павлодар облысында 14,7%, Қызылорда облысында 13,6% көтерілді. Алматы облысында 0,4%-ға қымбаттаған. Елдегі 20 аймақ бойынша ай ішінде баға тек Алматы қаласында өзгеріссіз қалған.


Жылдық көрсеткіште, жұмыртқа  Қызылорда облысында 52,2%, Қостанай облысында 34,1%, Батыс Қазақстанда 32,5% қымбаттаса, Алматы қаласында 4%-ға, Жетісу облысында 0,4%-ға арзандаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыртқа #баға #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Бүгін 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бүгін 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);