Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елімізде жеке процедурлық кабинеттерге 15 миллион...

Елімізде жеке процедурлық кабинеттерге 15 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 21.11.2025, 10:34 374
Елімізде жеке процедурлық кабинеттерге 15 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
сурет: depositphotos.com

Қазақстанда жеке процедурлық кабинеттерге жүргізілген тексерістер нәтижесінде 15 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тексеріс барысында лицензиясыз немесе қажетті қосымшаларсыз жұмыс істеген, сондай-ақ түрлі заңбұзушылықтарға жол берген 406 объект анықталған. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 247 кабинеттің қызметі өз еркімен тоқтатылған.

«Процедурлық кабинеттер – эпидемиологиялық тұрғыдан жоғары категориядағы нысандар. Олар денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын барлық талаптарға сай болуы тиіс. Орта буындағы медицина қызметкерлеріне лицензиясыз инвазивті процедуралар жасауға рұқсат етілмейді. Алайда бірқатар кабинетте мұндай қызметтер заңсыз көрсетілген», – деп хабарлады министрлік.

Қалған нысандар бойынша тексерістер жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 84 объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, келесі заңбұзушылықтар анықталған:

  • медициналық қызметке лицензияның болмауы;
  • санитарлық талаптардың сақталмауы;
  • дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтамау;
  • білікті персоналдың жоқтығы;
  • жедел көмекке арналған қажетті жабдықтардың болмауы.

Тексеріс нәтижесінде 122 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 15 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған. Министрлік жеке кабинеттерді тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #жеке процедура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі