AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде жастар дәрігерлік мамандықты көп таңдайды

Елімізде жастар дәрігерлік мамандықты көп таңдайды

Білім және ғылым 05.05.2022, 04:35 2,373
Елімізде жастар дәрігерлік мамандықты көп таңдайды
Сурет: Astana-akshamy.kz

Білім министрі Асхат Аймағамбетов білім сапасы бойынша елдердің рейтингісі ретінде жиі қабылданатын зерттеу туралы жазды.


Бұл жерде PISA зерттеуі жайлы сөз болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.


Министрдің сөзінше, PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы - ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейтіндігінде.


Сондай факторлардың бірі – 15 жастағы оқушылардың мансаптық жоспарлары. Бұл туралы еліміздің бас ұстазы түсіндіріп жазып өткен.


Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды.


Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.



"Жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын зерттеулер де көрсетті. Менің ойымша, бұл - біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардың үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады", - деді Аймағамбетов.



PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша, таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр.



"Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді. Бұл - «Стоматологтар» (4%), «Тауарлар мен киім дизайнерлері» (3%), «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері» (3%), «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар» (2%), «Психологтар» (2%), «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%), «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%), «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер» (1%). Жақында мектеп түлектеріне жазған хатымда айтқан болашақ мамандықты таңдауға қатысты ұсыныстарымды тағы да еске салғым келеді", - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандық #зерттеу #таңдай #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);