AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде жас геологтердің ашық далалық олимпиадасы...

Елімізде жас геологтердің ашық далалық олимпиадасы қайта ашылды

Білім және ғылым 24.07.2022, 04:35 1,774
Елімізде жас геологтердің ашық далалық олимпиадасы қайта ашылды
Сурет: Inform.kz

«Балдәурен» лагерінде жас геологтардың VI Қазақстандық ашық далалық олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Ашылу салтанатына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Т.Момышев, Геология комитеті төрағасының орынбасарлары, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ уәкілетті тұлғасы Ж. Карибаев, Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері, олимпиада демеушілері – ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Іс-шараны вице-министр Т.Момышев құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде осындай іс-шараларға қатысудың геологтардың жаңа ұрпағын дайындау мен қалыптастыруға орасан зор ықпал ететінін, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсетінін атап өтті.


Олимпиадаға Қазақстан Республикасының астанасы мен аймақтарынан келген 7-11 сынып оқушылары қатысуда. 2010 жылы өткен 1-ші Қазақстандық олимпиадаға небәрі 8 команда қатысқан болатын. Ал, биылғы VI Олимпиадаға қазірдің өзінде 15-тен астам командалар қатысуда, олардың ішінде Татарстан Республикасы (Ресей Федерациясы), Беларусь және Өзбекстан сияқты елдердің командалары бар екенін айта кету керек. Жас геологтар командаларының саны ғана көбейіп қоймай, сонымен қатар олардың дайындық деңгейінің жоғарылағаны байқалды.


Министрлік мемлекет басшысы жариялаған «Балалар жылы» қарсаңында, жарысқа қатысушылардың алдыңғы орындарға ие болғандарына Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға үш грант беруді жоспарлап отыр. «Жас геолог» ҚК Геология комитетінің қолдауымен 2012 жылдың қаңтарында құрылды.


Қордың негізгі міндеті ерте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу, жас геологтардың қазақстандық далалық олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу, жас геологтар үйірмелерінің желісін кеңейту, дарынды жастарды қолдау болып табылады. Қазақстанның жас геологтары республикалық олимпиадаларға қатысумен қатар, халықаралық олимпиадаларда да ел намысын табысты қорғап жүр. Қазақстандық жас геологтар командалары Бразилияда (2015), Жапонияда (2016), Францияда (2017), Таиландта (2018) өткен IESO-ның жеке және командалық жарыстарында алтын, күміс және қола жүлдені жеңіп алды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар #лагерь #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);