Елімізде Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді

Елімізде Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді Сурет: Sn.ria.ru

Білім сайысына 20-дан астам елдің командасы қатысады.


Олимпиаданы ұйымдастырушылар жарыс өтетін зертханалар мен аудиториялардың техникалық жабдықталуын жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


1-6 мамыр аралығында Қазақстанда оқушылар арасындағы химия пәнінен 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді.



"Республика Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің жан-жақты қолдауымен Менделеев олимпиадасы 2002, 2012 және 2017 жылдары Қазақстанда өтті. Бұл халықаралық ауқымдағы жарысты жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігін дәлелдейді. Биылғы жылы Халықаралық Менделеев олимпиадасының негізгі іс-шаралары Астанада, Назарбаев университетінің зертханалары мен аудиторияларында өтеді. Университеттің техникалық жабдықталуы олимпиаданы өткізуге барлық жағынан толық сәйкес келеді", - деді Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.



Менделеев олимпиадасына қатысатынын қазірдің өзінде 20-дан астам елдің командасы растады. Дәстүрлі түрде Австрия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Хорватия және тағы басқа елдің командалары қатысады. Бразилия құрамасы турнирге қатысуға алғаш рет өтінім берді.


Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Ресей ғылым академиясының вице-президенті және Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков 2023 жылғы Олимпиада барлық ковид шектеулері жойылғаннан кейін бетпе-бет форматта екінші рет өткізіліп отырғанын айтты.



"Биыл елдердің қатысуға жолдаған өтінімдерінің саны бірден 30%-ке өсті. Біз Ғылым мен технология онжылдығы мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесімізді қоса отырып, қатысушы мемлекеттер саны одан әрі кеңейеді деп күтеміз", - деді ол.



Жарыс әдетте бес-алты күнге созылады және үш кезеңнен, атап айтқанда, екі теориялық және бір практикалық кезеңнен тұрады.


Халықаралық Менделеев олимпиадасы-57 іс-шарасының ашылу және жабылу салтанаты Олимпиаданың ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05