Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елімізде егіс науқаны аяқталды

Елімізде егіс науқаны аяқталды

Экономика 10.06.2021, 10:09 1,962
Елімізде егіс науқаны аяқталды
Сурет: Google.com

Биылғы қорытынды бойынша елдегі егіс алқабы 78,2 мың гектардан 22,7 млн га алқапқа дейін артты.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасады. 


Биыл Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталды, оның қорытындысы бойынша егіс алқабы 78,2 мың гектардан 22,7 млн га алқапқа дейін артты. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,7 млн га алқапқа егілген. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, рентабельділігі жоғары дақылдардың өнімділігін арттыру, импорт алмастыру бойынша жұмыстар шеңберінде майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін (+11,9 мың га), жем-шөп дақылдары алқабы 3,4 млн га дейін (+104,2 мың га), көкөніс-бақша дақылдары алқабы 275,2 мың га (+10,6 мың га), картоп алқабы 198 мың га дейін (+5,8 мың га) ұлғайтылды. 



«Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақытында жүргізу үшін қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдер қабылданды», — деді Асқар Мамин. 



Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлді. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспайды. Бөлінген қаражат 3,3 млн га егіс алқабын қамти отырып, 2600 АӨК субъектісін қаржыландыруға мүмкіндік береді. 


Бюджеттік кредитпен қатар биыл ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу үшін бөлінетін қаражат көлемі 24,5 млрд теңгеден 47 млрд теңгеге дейін ұлғайды.  Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне нарықтық бағадан 14%-ға төмен бағамен 380 мың тонна дизель отыны бөлінді, 405,3 мың тонна тыңайтқыш тиелді. Бұл ретте мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алуға жұмсаған шығындарының 50%-ына дейін субсидиялайды. Егіс науқанының қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының барлығы 2,5 млн тонна кондициялық тұқымы себілді. 


Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, агрохимикаттар мен минералды тыңайтқыштардың және арзандатылған дизель отынының қажетті көлемін уақытында беруді қамтамасыз етуді тапсырды.  Экология министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, қысқа мерзімде еліміздің оңтүстігінде фермерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізу тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #COVID-19 #Коронавирус в Казахстане #Қазақстан #егін #науқан #посев #Казахстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика