AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде дене салмағы өте төмен балалардың өмір сү...

Елімізде дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе артты

Медицина 27.09.2024, 13:53 837 dulatbekova
Елімізде дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе артты
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Балалар денсаулығын сақтаудағы басты жетістіктердің бірі неонатологиядағы жоғары мамандандырылған көмекті дамыту болып табылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Неонаталдық хирургияның дамуымен және осы технологиялардың өңірлерге ауысуымен туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86%-ды құрады. Орташа алғанда, жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте жедел ем алады, оның 40%-ы эндовидеохирургия әдісімен операция жасалады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Тиімді перинаталдық технологияларды енгізудің, жаңа туған нәрестелердің реанимациясын дамытудың арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе артты.
Қазақстан Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет болып табылады. Жылына орта есеппен 2000-ға дейін ашық жүрекке операция, туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға, оның ішінде 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалады.

Елімізде балалар онкологтары мен гематологтарының динамикалық байқауында қатерлі ісіктердің ремиссиясындағы 4 мыңға жуық бала бақыланады, жылына балаларда 600-ге дейін қатерлі ісік анықталады.
Терапия әдістері жетілдірілуде, молекулалық-генетикалық диагностика енгізілуде, ағзаны сақтайтын операциялар жүргізілуде, соңғы 10 жылдың ішінде елімізде гемопоэздік дің жасушаларын, оның ішінде шетелдік донорлармен туыс емес 452 трансплантаттау жасалды.

Республикада туа біткен даму кемістігі бар балаларды емдеуге арналған 17 ерте араласу орталығы ашылды және жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #салмағы төмен #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетуіне Ресей Президенті Владимир Путин зор үлес қосқанын айтты

Бүгін 17:03

Бір жылда Алматыда не өзгерді?

Бүгін 15:59

Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті

Бүгін 15:10

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды

Бүгін 15:05

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Бүгін 14:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);