конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде блокчейн мамандарын даярлайтын ауқымды ба...

Елімізде блокчейн мамандарын даярлайтын ауқымды бағдарлама іске қосылады

Білім және ғылым 19.12.2022, 15:03 1,671
Елімізде блокчейн мамандарын даярлайтын ауқымды бағдарлама іске қосылады
Сурет: El.kz

Қазақстанда блокчейн саласы бойынша әлемдегі ең ауқымды пилоттық білім беру бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл арқылы Қазақстан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында блокчейн технологиялары саласы бойынша 40 мыңнан астам маман дайындамақ. Осы мақсатта бүгін елордада екі министрлік, Ұлттық Банк және «Binance Kazakhstan» ұйымдары өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісіп, меморандумға қол қойды.



«Binance Academy-мен меморандумға қол қою рәсімі – «Binance» бас директоры Чанпен Чжаоның мамырдағы сапары аясында басталған серіктестіктің жемісті жалғасы. Осы келісім шеңберінде кадрларды дайындау әлемдік криптоиндустрияда қазақстандық технологиялар үлесін ұлғайтуға және Қазақстанда аймақтық хабты дамыту мақсатына жетуге мүмкіндік береді», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.



Бағдарламаны енгізу төрт кезең бойынша жүреді. Алғашында ЖОО-ның оқытушылары үшін арнайы бағдарлама әзірленеді. Кейін университеттердің оқытушылық құрамы арнайы курстардан өтеді. Содан соң, ұстаздар мен ЖОО-ның басшылығы бірлесіп, академиялық бағдарлама әзірлейді. Бағдарлама 4-5 пәннен тұрады. Соңғы кезеңде студенттерге осы сала бойынша білім беру басталады. ЖОО оқытушыларын оқыту және тренинг өткізу 2023 жылы ақпан айында басталып, мамырға дейін жалғасады. Ал, басты контингент – студенттерді оқыту 2023 жылдың қыркүйегінен басталады.



«Біздің экономикамыз үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүдделі бола отырып, IT саласының өкілдерімен бірлесіп, бұл бағыт бойынша білім беру жобаларын одан әрі дамытудың берік іргетасын қаламақпыз. Біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында қазақстандық жоғары білім беру жүйесі ел экономикасының мұқтаждығы үшін ғана емес, жаһандық еңбек нарығы үшін де блокчейн индустриясы саласындағы мамандарды жеткізуші болатынына сенімдімін», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.



Блокчейн технологиялары саласындағы алғашқы қазақстандық мамандар 2024 жылы шығарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #блокчейн #пилоттық бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28

Алматыда жыл басынан бері 1,4 мыңнан астам автобустың экологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілді

Бүгін 18:23

Алматының Алатау ауданында жылу желілерін қайта жаңғыртуға байланысты Немирович-Данченко көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:03

Алматыда кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының талаптарын түсіндіру жалғасып келеді

Бүгін 18:00

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);