AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде Балалар жылында қандай іс-шаралар атқарыл...

Елімізде Балалар жылында қандай іс-шаралар атқарылды?

Әлеумет 21.12.2022, 17:00 1,720
Елімізде Балалар жылында қандай іс-шаралар атқарылды?
Сурет: Ашық дереккөз

Мәдениет саласында 1 млн-нан астам баланы қамтитын бірқатар ауқымды жоба жүзеге асқан.


Биыл Балалар жылы басталғалы бері 69 ауқымды іс-шара өткізілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлағатты ұрпақ», «Таланттар арамызда», «Мейірім» фестивалі сынды жобаларды жүзеге асырып, 1 миллионнан астам бөбек осы бағдарламаларға қатысты деп отыр.


Мәдениет және спорт министрлігі Балалар жылында қолға алынған жобалардың барлығы жүзеге асырылды дейді. Бағдарлама аясында 1 млн-нан астам бала қамтылған екен. Оның ішінде республикалық «Ұлағатты ұрпақ» мәдени білім беру онлайн жобасы бар. Бүгінде ол сайттар мен әлеуметтік желілерде жүргізілуде. Осы күні қаралым саны 2 млн-нан асыпты.



«Балалар әдебиетіне арналған «Дана бала» веб-сайты жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам кітапты сайтқа орналастырдық. Сонымен қатар, ерекше қабілеті бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған «Таланттар арамызда» республикалық көрме фестивалін өткіздік. Оған 250-ден астам бала қатысты», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.



Мәдениет министрлігінің ақпарына сай, атқарылған істер ауқымды. Алайда ведомстваның мұрындық болуымен жыл бойы жасалған шараларды халықтың бірі білсе, бірі білмейді екен.


Балалар жылында жақсы есте қалған «Артспорт» жобасы еді. Бағдарлама арқылы миллиондаған бөбек қалаған үйірмесіне қатысып, өзінің бойындағы өнерін ашқан болатын. Алайда платформа соңғы кездері тоқтап, қаржыландыру жергілікті бюджеттен берілетін болды.



«Қазіргі таңда биылдың өзінде кейбір қаржы жетіспеу мәселелеріне байланысты Үкімет тарапынан да «Артспорт» бағдарламасына қаржы бөлініп отыр. Болашақта әр өңір өзінің тиісті жұмыстарын бюджеттік жоспарлау кезінде нақты есебін жобалайды деген сенімдеміз», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов



Қысқасы, биыл Балалар жылында олар музейге тегін кірді, тегін саяхаттады, тегін кино көрді. Түрлі фестивальдер мен байқаулар ұйымдастырылды. Мәдениет және спорт министрлігінің айтуынша, балаларды қолдап, дамыту бір жылды арнаумен шектелмейді. Ары қарайда балаларға қажетті контенттер көбейіп, түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар жылы #Атқарылған іс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған алматылық Наурызды қарсы алу үшін Астана алаңына жиналды

Бүгін 12:43

500 бала бір мезетте күй тартты

Бүгін 12:10

Алматыда Наурыз мерекесі аясында түркі халықтарының көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 11:46

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Бүгін 11:42

Еңбек министрлігінде «DIGITAL NAURYZ 2026» IT-бағдарламасының қорытындылары шығарылды

Бүгін 11:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика