Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13...

Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды

Әлеумет 18.12.2024, 08:50 948
Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды
Cурет: АШМ

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биылғы 11 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 11,6% жылдық жоспармен 13,4%-ға артып, 7,8 трлн теңгені құрағанын хабарлады. 

Оның айтуынша, бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 19,9%-ға, мал шаруашылығында 3,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болғанда 26,7 млн тонна астық жиналды, оның ішінде бидай – 19,8 млн тонна, күріш – 563 мың тонна. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 3,2 млн тонна майлы дақылдар және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында сойыс салмақта ет өндірісінің 4%-ға, сиыр сүтінің 4,4%-ға және тауық жұмыртқасының 1,2%-ға өскені байқалды», — деп нақтылады Азат Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығында өндірістің өсуі табиғи-климаттық жағдайлардың қолайлы болуы және Үкіметтің егіс жұмыстарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын уақытында қабылдауы есебінен қамтамасыз етілді. Алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына берілетін жеңілдетілген кредит көлемі 3 есеге ұлғайтылып, жылдық таза 5%-бен рекордтық 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Осындай қаржылай қолдаудың арқасында астықтың көп мөлшерде жиналуына байланысты енгізілген минералды тыңайтқыштар көлемі 1,2 млн.тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе жоғары болды, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 5,5%-ға дейін жеткізілді.

Аталған кезеңде тамақ өнімдерінің өндірісі 2,1%-ға артып, шамамен 3 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, келесідей импортқа тәуелді өнім түрлерінің өсімі байқалды, ірімшік пен сүзбе 8,7%-ға, шұжық өнімдері 4,1%-ға, сары май 2,9%-ға және өсімдік майы 12%-ға өсті. 

«Жылдың соңына дейін дәнді дақылдарды, майлы дақылдарды өңдеу есебінен және қант өндіру есебінен осы салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Саланың даму қарқынының төмендеуіне жол бермеу мақсатында келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі 200 млрд теңгеге жеткізілетін болады. 1,9 млн тонна минералды тыңайтқыштарды енгізу және элиталық тұқымдар үлесін 10,5%-ға ұлғайту жоспарлануда», — деп толықтырды вице-министр.

Оның айтуынша, 1 желтоқсанға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі 79%-ды құрады. Жыл соңына дейін қаражат толық игерілетін болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #жалпы өнім #көлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика