Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде Аризона университетінің филиалы ашылады

Елімізде Аризона университетінің филиалы ашылады

Білім және ғылым 02.02.2022, 04:30 1,612
Елімізде Аризона университетінің филиалы ашылады
Сурет: Inform.kz

Білім саласындағы реформалар жалғасуда: СҚУ базасында Аризона университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Аризона университетінің президенті доктор Р. Роббинспен және АҚШ-тың Аризона штатындағы Өкілдер палатасының спикері Р.Бауэрспен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап


Бұл жаңалықты аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлаған. 


Күн тәртібінде стратегиялық серіктестік және Қозыбаев атындағы СҚУ базасында Аризона университетінің филиалын ашу мәселелері талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырған болатын.


Кездесу барысында тараптар жобаны жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді және білім беру сапасын арттырудағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Вице-министр Қ. Ерғалиев аталған жобаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық құжаттарда қабылданған өзгерістер туралы айтып берді. Тараптар білім беру қызметін жүзеге асыру, оқытушылық қызметке шетелдік ғалымдарды тарту тәртібін және лицензиялау мәселелерін талқылады.


Білім саласы, IT, инженерия, агро-техникалық және т. б. бағыттар бойынша оқыту АҚШ-та аккредиттелген білім беру бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі деген уағдаластық бар. Негізгі басымдық қосдипломды бағдарламалар мен бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға беріліп отыр.


Сондай-ақ халықаралық профессорлар мен бизнес-қауымдастық өкілдері жұмылдырылады. Енді 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Аризона университетімен бірлескен жұмысты бастау үшін стратегиялық ынтымақтастықты бекітетін нормативтік құқықтық құжатты қабылдау керек. Елімізде шетелдік оқу орындарының кампустарын ашу студенттердің сыртқа кетуін азайтып, қазақстандық жоғары білім жүйесіне әлемдік стандарттар мен жаңа әдістемелер енгізуге мүмкіндік береді. Отандық оқу орындары арасындағы бәсекелестік артады.


Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрлігі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға 2021 жылы қол қойылған болатын.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#университет #база #шетелдік білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін 15:12

Әнші Рахат Тұрлыханов полиция бөліміне әкелінді

Бүгін 14:59

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Бүгін 14:28

Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда

Бүгін 14:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика